Батыс Қазақстанда жаңа туған құралайларға фотосессия жасалды

Қазақстан даласында құралайлар дүниеге келе бастады. Киік төлінің суреттерін табиғат зерттеуші Сәкен Ділдахмет жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәкен Ділдахмет ғылыми экспедиция құрамында киіктердің төлдеуін бақылап жүр. Оның айтуынша, 2021 жылы құралайлар бірінші болып Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.

Оның сөзіне қарағанда, БҚО-да бұл жануарлардың ең көп популяциясы мекендейді.

"Бірнеше күннен кейін Қазақстан даласында киіктердің беби-бумы басталады.

Беби-бумерлердің жаңа буыны мыңдаған жылдар бойына әртүрлі аурудан және суыққанды екі аяқты жыртқыштардан аман қалу үшін күшті иммунитетке ие болады деп сенемін.

Ай соңында киіктерді есепке алу жұмыстары аяқталады және жазға қарай олардың саны белгілі болады. Миллионға жетеміз деп ойлаймын", - деп жазды табиғат зерттеуші.

Ол жаңа туған құралайлармен түскен селфиін де көрсетті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Saken Dildakhmet (@sakendildakhmet)

Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясының (ҚБСА) мәліметтері бойынша, киіктер Қазақстанның Қызыл кітабына енбеген. Алайда оларды аулауға тыйым салынған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!