Балықтармен би билеп, киттерді тамашалауға болады. Филиппин мемлекетінің ең жақсы курорттары жайлы

Жас жұбайлар бал айының жұмақ орны, серфингке арналған рифтер және елсіз жағажайлар – мұның бәрі Филиппин аралындағы мемлекет жайлы. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы елде қалай керемет демалыс қалай өткізуге болатынын және туристер үшін қай орындар қызығушылық тудыратыны жайлы баяндайды.

Жақында Филиппин Дүниежүзілік саяхат және туризм кеңесінің (WTTC) 100 қауіпсіз саяхат орны тізіміне енді. Біз осы жұмақ аралдардағы ең жақсы көрнекті орындар туралы айтуды жөн көрдік. Рейтинг The Crazy Tourist, Lonely Planet, Hand Luggage Only және Guide to the Philippines ақпараттық порталдарына негізделген.

Эль-Нидо, Палаван

Эль-Нидо қаласы Филиппиннің Палаван үлкен аралының солтүстігінде орналасқан. Ол Буэна Суерте, Каалан, Папая және Йога сияқты аймақтағы ең жақсы жағажайлармен қоршалған (иә, мұнда йога жаттығулары өткізіледі). Бұл жағажайлар туристер үшін міндетті түрде баратын орындар тізімінде, өйткені олар өте сұлу және саяхатшылар үшін қолжетімді. Мұндағы саяхат шытырман оқиғалы көңіл күй сыйлайды, өйткені сіз жағажайларды ғана емес, сонымен қатар жергілікті джунгли, үңгірлер мен маржан рифтерін де зерттей аласыз.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от CAMILLE TOURAL (@ohhmypassport)

Аралдық курорт туристерге дәстүрлі филиппиндік жағалаудағы ауыл атмосферасын ұсынады. Мұнда қонақтар суға жүзіп, су астында сүңгіп, үлкен балықтар мен басқа да теңіз жәндіктерін су астында бақылай алады, сондай-ақ, Бакуит шығанағы аймағындағы Үлкен және Кіші шағын мүйістерін, Жылан аралын және басқа да көрікті жерлерді зерттей алады.

Ақ жағажай, Боракай

Боракай аралындағы Ақ жағажай - армандар орындалатын тағы бір орын. Ақ құм, мөлдір су, қолшатырлы жатын орындар, пальмалар. Оның ұзындығы төрт шақырым. Бұл жағажай парасейлинг, каякинг және банан қайық сияқты су спортының алуан түрін ұсынады. Арал билігі 2018 жылы туристер санының шамадан тыс көп болуына қарай экологиялық мәселелерге байланысты курортты алты айға жапты. Содан бері мұнда туристер саны қатаң шектеулі.

Аралға кіру үшін турист қонақүй брондалғаны жайлы анықтама көрсетуі керек. Жағажайда алкогольді ішімдікке қатаң тыйым салынған, бір кездері Ақ жағажайдың бойында орналасқан сансыз барлар мен мейрамханалар қазір жабық. Жаңа ережелерді енгізу нәтижесінде жағажай тынышталып, бос қалды. Бұл батпырауық ұшыратын әуесқойлар үшін өте қолайлы. Батпырауық маусымы - қарашадан наурызға дейін.

Себу, Мактан

Банан тәрізді аралдың орналасқан жері тамаша. Гонконг және Сингапур сияқты қалалардан халықаралық рейстер тікелей Себу қаласына ұшып келеді. Мактан аралындағы әуежайдың жанында көптеген сәнді отбасылық курорттар бар. Бохол бұғазындағы аралдарға бару үшін қайық жалға алу керек.

Сонымен қатар, аквалангпен айналысу үшін аралдың солтүстік бөлігінен 3 сағат көлікпен жүріп бару қажет. Аралдың оңтүстік-батыс бөлігінде, сүңгуір Моалбоал қаласында туристерге үлкен майшабақ шоқтарымен бірге жағалауға жақын жүзу мүмкіндігі ұсынылады. Саяхатшылардың айтуынша, бұл балықтар барлық жерде жүреді. Сыртынан қарағанда синхронды қозғалатын майшабақтар тобы әдеттен тыс бір тіршілік иесі сияқты көрінеді. Фотосуреттер бұл сұлулықты дәл жеткізе алмайды.

Парадайз-Бич, Бантаян

Бантаян аралы Себудің солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол өзінің таңғажайып жағажайларымен және экотуризм орындарымен келушілердің назарын аударады. Мұнда сізге жүзуге, құзға өрмелеуге, байдаркамен серуендеп, тіпті парашютпен де секіруге болады.

Себудегі Бантаян аралының атауы "күзету" сөзінен алынған. Міне, "патшаның қарауыл мұнаралары" деп аталатын он сегіз қарауыл мұнарасы 22-генерал-губернатор Себастьян Хуртадо де Коркуэрдің кезінде, қарақшылар құл іздеп аралға шабуыл жасаған кезде салынған екен. Олардың үшеуі мұқият қалпына келтіріліп, бүгін де келушілер үшін ашық.

Пляж Моронг, Батанес

Төбешіктер, шамшырақтар мен тас үйлерден басқа, Филиппиннің солтүстігіндегі шағын архипелаг Батанес провинциясында көркем Моронг жағажайы орналасқан. Накабуанг доғасы деп аталатын үлкен жартасты доға бар, ол Батанестегі ең көп суретке түсетін жер. Мұндағы су ауа райының қолайсыздығына қарамастан мөлдір және тынық. Батанесте сіз желмен жарысып, үш аяқты велосипедпен серуендей аласыз. Саяхаттаудың ең қолайлы уақыты - рейстерді тоқтатуға дейін баратын тайфундар аз немесе мүлдем болмайтын көктем мезгілі.

Ангиб жағажайы, Санта-Ана, Кагаян жазығы

Ұсақ құмды және көк мөлдір суы бар жағажай - Кагаян аңғарының көрнекті жері. Ол Лузон аралының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Туристерге бір күндік экскурсия ұсынылады, оның барысында Энгьяно мүйісіндегі шамшырақты және жақын маңдағы Палауи аралының көрікті жерлерін тамашалай алады. Саяхаттаудың ең қолайлы уақыты - ашық теңізде қайықпен саяхаттау үшін толқындар тынышталған наурыздан маусымға дейінгі кезең.

Пагудпуд, Лусона

Мұнда жету оңай емес және шынайы шытырман оқиға әуесқойларына ғана ұсынылады. Алдымен Лузон аралының солтүстігіндегі Пагудпуд қаласына бару керек. Содан кейін ауылдар және жел диірмендерімен қоршалған керемет таулар мен шексіз жағажайларды айналып өтетін тас жолмен жүру қажет. Айта кету керек, серфингшілер үшін өте қолайлы толқынды осы қатты жел тұрғызады. Бұл жерді тәжірибелі серфингшілер, кайтсерферлер және виндсерферлер жұмақ орын деп атауы тегін емес. Егер сіз экстремалды спортпен айналыспасаңыз, мұнда жай жиі кездесетін киттердің алуан түрлерін, мысалы, өркешті киттерді тамашалай аласыз.

Сиаргао

Серферлердің тағы бір танымал бағыты - Сиаргао жағажайы. Олардың иелігінде әйгілі Cloud Nine риф толқыны бар. Бірақ бұл ғана емес, туристерден "оңаша" қалғыңыз келсе, адам мекендемейтін аралдарға баруға болады. Мысалы, Сиаргаоның солтүстік-шығыс бөлігінде сіз үш шақырымдық құмды жағажайда созылған кокос ағаштарын таба аласыз. Генерал Лунаның негізгі туристік аймағынан мопедпен 45 минуттық жерде жартас бассейндері бар. Бұл жартастардан суға секіруге болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ??????? ????? (@siargaoguide)

Таянгбан үңгір бассейні аралдағы ең көрнекті орындардың бірі болып саналады. Алдымен туристер 15 минут бойы қараңғыда жүзеді, жарғанаттар айналып ұшып жүреді, жолды тек от жанған алаудың арқасында көре алады. Осылай жүзіп отырып жеті метрлік жартастан секіруге болатын ашық үңгір бассейніне шығасыз.

2019 жылы Сиаргаоны Conde Nast Traveller компаниясы әлемдегі ең жақсы арал деп атағанын ескертеміз.

Қызғылт жағажай, Замбоанга

Жағажай ұсақ қызыл маржан араласқандықтан ақ құмы қызғылт реңк береді. Алғашында қызғылт реңк көрінбеуі мүмкін, бірақ жақынырақ барсаңыз немесе құмға құс ұшар төбеден қарасаңыз, нәзік қызғылт реңкті көруге болады. Мұнда мангр орманына баруға, түрлі-түсті қайыққа мініп серуендеуге және медузаларды тамашалауға болады. Үлкен Санта-Крус аралындағы қызғылт жағажайға Замбоангадан жетуге болады. Саяхаттаудың ең қолайлы уақыты - қарашадан сәуірге дейін. Тайфун болмаса, қазан айында аралға баруға болады. Осы уақыт ішінде мұнда түрлі-түсті қайықты Hermosa фестивалі өтеді.

Гумаса жағажайы, Сарангани

Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын ақық түстес мөлдір сулы, ақ құмды жағажай –фотосессиялар үшін таптырмас орын. Мұнда жүзуге, байдаркамен, шаңғымен сырғанауға, су астына сүңгуге болады. Мұнда Сарангани жағажай туры бар, оған Гумаса жағажайы да кіреді.

Саяхаттауға ең қолайлы уақыт - қаңтардан сәуірге дейін.

Қай жағажай сізге көбірек ұнады?

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме сілтеме бойынша жүктеуге болады.