Балқаш әуежайын қайта жөндеуге қанша бөлінеді?

Фото:gov.kz

17 жылдан кейін Балқаш қаласының әуежайында жол мен перрон қайта жөнделеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

17 жылдан кейін Балқаш қаласының әуежайында жол мен перрон қайта жөнделеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Жобаның жалпы құны - 3,8 миллиард теңге.

Бас мердігер "КАЗАХДОРСТРОЙ" ЖШС ресурстарды жұмылдырып, арнайы техниканы, инженерлік-техникалық қызметкерлерді орналастырып, құрылыс-монтаж жұмыстарын бастады.

Реклама
Реклама

Қазір асфальтбетон жабындарын фрезерлеу жұмысы 98 пайызға, жермен жүру жолы негізгі бөлшектеу 40 пайызға аяқталды әрі жол төсемдері дайындалып жатыр.

Жоспарға сәйкес биыл 15 маусымда бетон жабындысын монтаждау аяқталуға тиіс. Содан кейін әуежайды күрделі жөндеу және арнайы көлік қызметінің ғимаратын салу жоспарланған.

Айта кетейік, Балқаш әуежай инфрақұрылымын жаңарту қала мен туристік аймақты дамытуға мүмкіндік береді. Аталған әуежай 1967 жылы салынған. Онда жөндеу жұмысы тек 2007 жылы жүргізілген.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная