Балиде жол ережесін бұзған 43 турист ұсталды

Индонезияның Бали аралындағы Денпасара қаласының полициясы бір аптада 40-тан аса шетел азаматын жолда көлік қозғалысы ережесін бұзғаны үшін ұстады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Detik басылымына сілтеме жасап.

Полиция өкілі Кетут Сукадидің айтуынша, 19-25 наурыз аралығында курортты аралда шетелдік 43 азамат ұсталған.

"Шетелдіктер тарапынан заңбұзушылық пен ережелерге бағынбау дерегі көбейген. Әсіресе мопед не мотоциклды қорғаныш бас киімінсіз жүргізу немесе индонезиялық номер тақпау деректері жиілеген", - деді Сукади.

Оның айтуынша, автокөлік рейді кезінде 17 ресейлік ұсталған, сондай-ақ Франция, Италия және Германиядан келген туристер де ұсталған.

"Бұл шара қауіпсіздік мақсатында атқарылады, сол себепті қатаң жаза қабылдайтын боламыз", - деді полиция өкілі.

Осыған дейін, Бали губернаторы Вайан Костер шетелдік туристерге аралға бару үшін мотоциклдер мен скутерлерді жалға алуға тыйым салатын және оларға тек мемлекеттік туристік агенттіктерден жалға алынған көліктерді пайдалануға мүмкіндік беретін жаңа қаулы жариялады.

Индонезия 20 наурызда туристік виза ережелерін сақтамағаны үшін Балиден 47 адамды депортациялады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!