Балалармен демалу үшін ең қауіпті елдер аталды

Түркия, Ресей және Болгария жазда балалармен демалу үшін ең қауіпті елдер деп аталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі ТАСС басылымына сілтеме жасап.

"АльфаСтрахование" компаниясының зерттеуіне сәйкес, статистикалық мәліметтерді алу үшін сарапшылар қай елдерде ата-аналарымен бірге демалған балаларға көбінесе медициналық көмек қажет болғанын талдады.

"2021 жылдың жазында балалар ауруларына байланысты дәрігерлерден көмек алу үшін өтініштердің басым бөлігі Түркияда тіркелді - 29,7 пайыз. Екінші орында Ресей, оның үлесі 13,1 пайызды құрайды. Үшінші орында - Болгария (12 пайыз)", - деді мамандар.

Бестікке Грузия (11,7 пайыз) және Кипр (7,5 пайыз) кірді.

Балаларда сақтандыру жағдайларының басталуының ең көп таралған себебі тыныс жолдарының жұқпалы аурулары (23,2 пайыз), асқазан-ішек аурулары (21,5 пайыз), жарақаттар (8,2 пайыз) және құлақ аурулары (7,8 пайыз) болды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!