Бакуге сапар шекпес бұрын қазақстандықтар не білуі қажет?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© shutterstock © shutterstock

Әзербайжан астанасы Баку қаласын Еуропа қалаларына, тіпті Дубайға да ұқсатып жатады. Еуропаны бұл қала көнелігімен, қайталанбас түр-сипатымен еске салса, жылтыр шыныдан салынған биік, зәулім ғимараттары Дубайды көз алдыңызға әкеледі. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Бакуге сапар шекпес бұрын нені білуіміз қажет екендігі жайлы баяндайды.


Иконка комментария блок соц сети

Әзербайжан астанасы Баку қаласын Еуропа қалаларына, тіпті Дубайға да ұқсатып жатады. Еуропаны бұл қала көнелігімен, қайталанбас түр-сипатымен еске салса, жылтыр шыныдан салынған биік, зәулім ғимараттары Дубайды көз алдыңызға әкеледі. Kaz.tengritravel.kz порталы мен Aviata.kz сервисі Бакуге сапар шекпес бұрын нені білуіміз қажет екендігі жайлы баяндайды.

Әзербайжан астанасы - әлемдегі ең қарқынды дамып келе жатқан мегаполистердің бірі. Бакуге барудың өзіндік көптеген себептері бар: жұмсақ, жылы қысы, күннің жылы болуы, виза қажет емес, тікелей рейстердің қолжетімді болуы, дәмді ұлттық тағамдары, қызықты көрікті жерлері.

Қазақстан 2021 жылдың 6 қарашасынан бастап Әзербайжанмен тұрақты тікелей әуе қатынасын қалпына келтірді. Оларды сенбі күндері "Әзербайжан Хава Йоллары", ал бейсенбі және жексенбі күндері "Эйр Астана" басқарады.

Кіру үшін қандай құжаттар дайындау керек?

18 жастан бастап Бакуге барғысы келетін кез келген адамға вакцинацияның толық курсын алғанын растайтын COVID-19 вакцинациясының төлқұжаты, сондай-ақ, 72 сағат ішінде теріс нәтижесі бар ПТР сынағы нәтижесі туралы сертификат қажет. Әзербайжанда келесі COVID-19 вакциналары бекітілген: Oxford/AstraZeneca, Pfizer/BioNTech, Sinovac және Sputnik V.

Вакцинация құжатына балама ретінде сіз кетуге дейін 72 сағат ішінде жасалған COVID-19-дан сауыққаныңыз туралы ресми сертификатты немесе COVID-19 вакцинасына қарсы көрсетілімі бар куәлікті ұсына аласыз. Бұл құжаттардың барлығында QR коды болуы және тек мемлекет тарапынан берілуі керек. Бұл құжаттар әуежайда тіркеу кезінде тексеріледі.

Бір жастан 18 жасқа дейінгі жолаушылар ұшуға дейін 72 сағат ішінде алынған коронавирусқа ПТР сынағының теріс сертификатын ғана көрсетеді. Бір жасқа толмаған балаларға COVID төлқұжатын немесе сынақ нәтижесін көрсету қажет емес.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? Баку: Гид Экскурсии Туры (@arifmammedov)

Әзербайжанның ресми әуе тасымалдаушысының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, COVID-19 шектеулеріне қатысты барлық құжаттарда QR коды болғаны жөн.

"COVID-19-ға ПТР тестілеуінің теріс нәтижесі туралы сертификаты бар, бірақ QR коды жоқ жолаушылар қолданыстағы талаптарға сәйкес мұқият тексеруден өтеді. Жолаушыларға мұндай тексеру үшін қосымша уақыт қажет болатынын ескеруі керек", - делінген веб-сайтта.

Келгеннен кейін барлық жолаушылар медициналық тексеруден өтеді, оның ішіне дене температурасын тексеру кіреді. COVID-19 белгілерін көрсеткендер қосымша сынақтан өтуі мүмкін.

Мейрамхана, мұражай және басқа жерлерге кіру үшін вакцинация паспорты қажет пе?

Барлық орындарда вакцинацияны немесе антиденелерді растайтын COVID-19 құжаты қажет. Сапар барысында ресми ережелерден хабардар болуды ұсынамыз. Бакулық гид Ариф Мамедов қазіргі уақытта Бакудегі қоғамдық орындарда енгізілген шектеулер туралы айтты.

"Жалпы, Бакуде барлығы жұмыс істейді. Жалғыз ереже: дәмханаларға, дүкендерге, сауда орталықтарына, мейрамханаларға және басқа да қоғамдық орындарға тек екпе алған немесе ауырып жазылғандар ғана кіреді. Сізге тек қағаз жүзінде, электронды түрде немесе QR код арқылы вакцинация туралы куәлікті көрсету жеткілікті. Сонымен қатар, ауырып жазылған болсаңыз, антиденелердің болуы туралы анықтама қажет.

Шұғыл ПТР сынағын тапсыруға болады. Құны шамамен 90 манат (23 006 теңге). Үш-төрт сағаттан кейін нәтиже сізге жіберіледі. Нәтиже SMS, QR коды арқылы және ағылшын тілінде келеді", - деп түсіндірді ол.

Туристер қонақүй, дәмхана, мейрамхана, клубтарға, кинотеатрларға, театрларға, мұражайларға және басқа да көрікті жерлерге кіре алады. Кіреберістегі барлық жерде температураны тексеріңіз. Қоғамдық көлік жұмыс және демалыс күндері таңғы 6-дан 12-ге дейін жұмыс істейді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ?? Баку: Гид Экскурсии Туры (@arifmammedov)

Қалада коменданттық сағат жоқ. Дегенмен, мекемелердің жұмыс уақытында шектеулер бар - барлық ойын-сауық мекемелері түнгі 12-ге дейін ғана жұмыс істейді.

"Концерттер де өткізілуде, бірақ қонақтардың отыру ретіне шектеу қойылған. Жақында ашық аспан астындағы концертке билеттерге тапсырыс бергіміз келді, әлеуметтік қашықтықты ескере отырып, онлайн билеттер жүйесінде бірден сатып алдық", - деп қосты ол.

Мына бір мәселені нақтылап кетсек, жабық орындарда, үй-жайларда және қоғамдық көліктерде бетперде кию міндетті.

"Бетпердесі жоқ адамдарға 100 манат (25 740 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Бірақ полицейлер айыппұлды бірден салмайды, алдымен ескерту жасайды. Егер сіз қатаң тәртіп бұзушы болмасаңыз, абайсызда ұмытып кетсеңіз, өз жағдайыңызды сыпайы түрде түсіндіре аласыз, ал айыппұл салынбауы мүмкін. Бірақ жалпы алғанда, бетперде киюді полиция үнемі тексереді. Олар қоғамдық орындарға, метрода, қоғамдық көліктерде адамдардың бетперде киген-кимегенін қадағалайды", - дейді Ариф.

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Парвана Ғасымова қазан айының соңында Бакуде болды. Онда ол үш апта болған, оның сапарының мақсаты туыстарын көру еді.

"Қазір Бакуде вакцинация құжатынсыз дәмханаға кіріп, фаст-фуд жеу де мүмкін емес. Біз тікелей әуе рейсін ашпас бұрын да Бакуде болғанымызды ескерсек, Минск арқылы ұшу біз үшін оңай сапар болған жоқ. Жалпы, Бакудің өзі әдемі, онда әпкем тұрады", - деп бөлісті ол.

Жеңілдетілген визалық режим қазақстандықтарға Әзербайжанда 90 күн еркін жүруге мүмкіндік береді. Көші-қон қызметінде міндетті тіркелу шарты мемлекет ішінде үш күннен артық болған жағдайда қажет. Әзербайжанда тұруға рұқсат толтырылған өтініш пен төлқұжат көшірмесі негізінде беріледі. Құжаттарды тапсырған соң екі күннен кейін рұқсат қағазын алуға болады.

Сапар ұзақтығы үш айдан асса да Қазақстан азаматтары үшін виза қажет емес. Бұл жағдайда тіркеу мерзімін екі айға дейін ұзартуға болады.

Бакуде туристер баратын көптеген жерлер бар. Мысалы, Ичери-Шехердің Ескі қала көшелерімен серуендеуге болады. Дәл осы жерде көне заманның тарихи ескерткіштері, мешіттер, мұнаралар мен сарайлар шоғырланған. Мысалы, Ширваншахтар сарайына, ол 700 жылға жуық билікте болған Ширван билеушілерінің бұрынғы резиденциясы. Кешенге Диуан ханның ауласы, қабірі, 1441 жылғы мешіт, сонымен қатар монша мен сарай ғұламасы Сейид Яхья Бакувидің кесенесі кіреді.


© Shutterstock

Мұнда, ескі қалада Қыз мұнарасы бар, ол жайлы көптеген аңыздар айтылады. Олардың бірінде сүймеген адамына қосылығысы келмеген бойжеткен туралы баяндайды. Ол әкесінен биік мұнара салып, құрылыстың аяқталуын күтуді өтінеді. Бірақ мұнара тұрғызылғанда шах ойынан айнымайды, үміті үзілген қыз мұнараға шығып, өзін теңізге лақтырып жібереді.

Қазіргі Бакудің символы - отты мұнаралар - үш жалын түрінде салынған үш зәулім ғимаратты міндетті түрде көріңіз. Қазіргі заманғы өнер мұражайы мен Гейдар Әлиев атындағы мәдени орталыққа барыңыз.

Қазіргі Бакудің символы - отты мұнаралар - үш жалын түрінде салынған үш зәулім ғимаратты міндетті түрде өз көзіңізбен көруіңіз керек. Қазіргі заманғы өнер мұражайына барыңыз, Гейдар Әлиев атындағы мәдени орталығына барыңыз. 


© Shutterstock

Туристерді қызықтыратын ең керемет орындардың бірі - Кілем мұражайы. «Кілем жайылған жер - менің үйім" - дейді көне Әзербайжан мақалында. Осы мұражайда кілем ел мәдениетінің ажырамас бөлігі екенін көруге болады. Тіпті ғимараттың өзі өрнекті кілемге ұқсайды. Кілемдерде бүкіл тарих, салт-дәстүр, әдебиет бейнеленген. Көпшілік бұл жай ғана кілем емес, кітап деп есептейді. Ал кілемде не бейнеленгеніне байланысты оның орны мен қолданылу мақсаты анықталады. Мысалы, түйе - молшылықтың белгісі, оны еденге төсеуге болмайды, қабырғаға іліп қояды.

Әзербайжан астанасында серуендеуге арналған басқа да көптеген орындар бар - Теңіз жағалауы саябағы, Гейдар Алиев алаңы, Сахил саябағы, Хусейн Джавид саябағы, Таулар саябағы, Баку жағалауы. Сондай-ақ, қала маңында көптеген ерекше жерлер бар, мысалы, табиғат ғажайыптары - табиғи мәңгілік от жанып жатқан Янардаг тауы.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная