"Бағаны кім қояды?" Рейс кешіккен жағдайда тасымалдаушы қанша айыппұл төлейтіні айтылды

© pixabay

Биыл ішкі тұрақты әуе рейстерінде жолаушылар ағыны айтарлықтай артқан. Соның салдарынан бұл ұшулар кідірісінің көрсеткішіне айтарлықтай әсер етіп отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева баяндады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Биыл ішкі тұрақты әуе рейстерінде жолаушылар ағыны айтарлықтай артқан. Соның салдарынан бұл ұшулар кідірісінің көрсеткішіне айтарлықтай әсер етіп отыр. Бұл туралы Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева баяндады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Салтанат Томпиева әуе тасымалы кезіндегі кідірістер жолаушылар тасымалы барысындағы қауіпсіздікке тікелей әсер етеді.

"Еліміздегі әуе көлігі арқылы жолаушылардың құқықтары халықаралық талаптарға сәйкес қорғалған. Әуе компания тарапынан рейс кешіккен жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тасымалдаушы кідіріс ұзақтығына байланысты жолаушыларды тегін негізде екі рет қоңырау шалуға, салқын сусын, ыстық тамақпен қамтамасыз етуге, қонақ үйде тұруға, қонақ үйге дейін баруды және әуежайға кері қайтуды ұйымдастыруға міндетті. Сондай-ақ кешіккен әр сағат үшін тасымалдаушы тарап билет құнының 3 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді", - деді Томпиева.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар ол жоғарыда көрсетілген талаптар мүлде немесе тиісті деңгейде орындалмаған жағдайда авиакомпания 200-ден 1000 АЕК-ке дейін айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығын атап өтті.

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары әуе билеттерінің бағасына қатысты да түсініктеме берді. Атап айтқанда, халықаралық тәжірибеге сәйкес елімізде баға белгілеуді реттеудің күші 2016 жылы жойылған. Осыған сәйкес әуе компаниялары билет бағасын дербес белгілейді.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная