Әзербайжандық әуекомпания Ақтауға аптасына үш рет ұшады

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасы артады. Әзербайжандық әуекомпания Ақтау-Баку рейсін аптасына үш рет орындайтын болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөзі қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы әуе қатынасы артады. Әзербайжандық әуекомпания Ақтау-Баку рейсін аптасына үш рет орындайтын болады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитеті баспасөзі қызметіне сілтеме жасап. 

"Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2022 жылғы 18 ақпаннан бастап "Әзербайжан Хава Йоллары" ЖАҚ әзербайжандық әуекомпаниясы Ақтау және Баку қалалары арасында тұрақты рейстерді A319 типті әуе кемесінде аптасына 3 рейс жиілігімен (дүйсенбі, сәрсенбі және сенбі) орындауды қайта бастауды жоспарлап отыр", - делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Рейстер санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалатын болады.

Реклама
Реклама

Аталған бағыт елдер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризмді және іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная