Авиация саласында кадр тапшы - сарапшылар

Әуекомпаниялар мен азаматтық авиация академиясы саланың кадрлық резерві мәселелерін талқылады. Саланың дамуын ескере отырып, 2025 жылға дейін жыл сайын 500-600 адамға қажеттілік бар екені анықталды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Қазақстанда 25 сертификатталған авиациялық оқу орталығы бар. Олар ұшу құрамының, инженерлік құрамның, әуе қозғалысына қызмет көрсету диспетчерлерінің, авиация саласы үшін авиациялық станция операторларының және басқалар кәсіби деңгейін даярлаумен, қайта даярлаумен және ұстаумен айналысады.

Реклама
Реклама

"Қазіргі уақытта азаматтық авиация саласында 20 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Оның ішінде 10 000-ға жуық әуежай қызметкері, 2 857 ұшу құрамының қызметкері, 1 767 инженерлік-техникалық құрамның қызметкері және басқалар бар. Бұл ретте саланың дамуын ескере отырып, 2025 жылға дейін жыл сайын 500-600 адамға қажеттілік бар", - делінген хабарламада.

Қазір академия авиация саласындағы мамандардың ағылшын тілін білу деңгейін арттыру үшін белсенді жұмыс істеп жатыр. Ол үшін үштілді оқытуды енгізу бойынша жол картасы әзірленді. Жоспарларға сәйкес, 2023 жылы ЖОО бейіндік пәндерді ағылшын тілінде оқытуға көшеді.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!