Аустралия "Спутник V" вакцинасын мойындады

Фото ©REUTERS

Аустралияның ішкі істер департаменті коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының екі дозасын алғандарға елге кіруге рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Аустралияның ішкі істер департаменті коронавирусқа қарсы "Спутник V" вакцинасының екі дозасын алғандарға елге кіруге рұқсат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

17 қаңтарда агенттік сайтында елге кіруге жарайтын вакциналар туралы ақпарат жаңарды. Жаңа ақпаратта Аустралияға кіруге рұқсат етілетін COVID-19-ға қарсы вакциналардың тізіміне ресейлік вакцина кірді.

"Егер сіз емдік тауарлар басқармасы (TGA) мақұлдаған немесе мойындаған вакцинамен вакцинация курсынан өткен болсаңыз, сіз Аустралияға бару үшін толық вакцинацияланған болып саналасыз. Гамалея атындағы ұлттық зерттеу орталығы "Спутник V"", - делінген Ереженің жаңартылған нұсқасында.

Реклама
Реклама

Келген саяхатшы толық вакцинацияланған болып есептелуі үшін, соңғы екпеден кемінде жеті күн өтуі керек екені айтылған. Шетелден келген саяхатшылар толық вакцина алғаны туралы сертификат ұсынуы керек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная