Әулиелер жерінде: жерасты Бекет ата мешіті

Жерасты Бекет ата мешіті мұсылман әлемінде ерекше орын алады. Бұл маңыздылығы жағынан Магомет пен Қожахметті жерлеумен бір қатарда тұрған қасиетті орын. Жыл бойы үздіксіз мұнда зиярат етушілер келіп жатады. Бекет ата есімін бір рет атаудың өзі қайғы-қасіреттен аулақ етеді, ал мешіттегі дұға таңғажайыптың болуына әкеледі деп сенеді.


© Shutterstock

Бекет ата 1750 жылы Атырау облысы Құлсары кентінің маңында дүниеге келген. 14 жасында бала өзі құрметтейтін данышпан Шопан атаның әруағына тағзым етіп, бата алуға келеді. Шопан ата балаға білім ғылымды ұғынуға бата берген. Бекет Хиуадағы медресеге барып, сонда білім алуға кірісті.

Бекет ата талай жолды бағындырды, сөйтіп Маңғыстауға қайта оралды. Елге оралғаннан кейін ол төрт мешіт салды: біріншісі - Құлсарырда, оны Ақмешіт деп атайды, екіншісі - Бейнеу кентінің шетіндегі борлы жартастарда, үшіншісі - Үстірт шоқысында, төртіншісі - Оғыланды шатқалында жартасты ойып, кесілген жерасты мешіті деп аталады.


© Shutterstock

Ол адамдарды сауықтырды: оған дәрменсіз және азап шеккен адамдар келетін болған, ол оларға денсаулық пен өмірлік күш берді. Даулы мәселелерді шешу кезінде ол екі жақты келісімге әкелетін даналықты көрсетті. Бекет ата өз уағыздарында дінге сенушілерді адал болуға, әділ болуға және жақсылық жасауға үйретеді. Бекет ата 63 жасында қайтыс болып, Маңғыстау облысындағы Оғыланды жерінде жерасты мешітінде жерленген.

Бекет ата жерасты мешіті, оның соңғы өмір сүрген жері болған, қол жетімсіздігіне қарамастан, көпшілік осында зиярат етуге ағылып жатады. Әулиенің қабірінде және мешітінде болғаннан кейін дін ұстанушылар таңғажайып жағдайда денсаулығының жақсарғанын байқаған. 

© Shutterstock

Бекет ата - рухани, тарихи және сәулет ескерткіші. Жерасты мешітінің ерекше акустикасы таңғалдырады - барлық бөлмелерде оқылатын дұғалар керемет естіледі. Сонымен қатар, есік ашық тұрғанына қарамастан өтпе жел де жоқ. Сопылар ғылым заңын жетік меңгерген деген ой қалыптасады. Ғалымдар Бекет ата мешіті аспан денелерінің қозғалысын бақылайтын обсерватория сияқты болғанын және өзі аспан денелерінің қозғалысын бақылайтын болған деген тұжырым айтып жүр.

Қалай баруға болады?

Ақтау қаласынан жерасты мешітіне дейін тасжолмен көлікпен баруға болады. Бастапқы 150 шақырым асфальтталған, ары қарай жазық далада жүресіз. Ақтауға күн сайын Қазақстанның әр қаласынан пойыз бен ұшақ қатынайды.