Әуекомпаниялар Қазақстаннан Қытай мен Жапонияға рейстер туралы айтты

Фудзияма тауы, Жапония. Фото @Shutterstock

Қытай тарапы шектеулерді алып тастағаннан кейін бірінші кезекте Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Сианьға және Шымкенттен Үрімшіге рейстер ашу жоспарланған. Бұл туралы SCAT әуекомпаниясының өкілі Қазақстанның туристік қауымдастығы ұйымдастырған туркомпаниялармен онлайн кездесуде айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қытай тарапы шектеулерді алып тастағаннан кейін бірінші кезекте Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Сианьға және Шымкенттен Үрімшіге рейстер ашу жоспарланған. Бұл туралы SCAT әуекомпаниясының өкілі Қазақстанның туристік қауымдастығы ұйымдастырған туркомпаниялармен онлайн кездесуде айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

SCAT әуекомпаниясының маршруттарды басқару бөлімінің бастығы Виктор Коротков Қытайға рейстерді қайта бастау туралы мәлімдеді. Оның айтуынша, әуекомпания туристер үшін шектеулерді алып тастауды күтуде.

"Қытай бойынша жоспарлар ауқымды. Жыл сайын біз оларды жүзеге асыруға тырысамыз. Бірақ қытай тарапының ұстанымын ескере отырып, қазір рейстерді орындауға мүмкіндік жоқ. Келісімге келген бойда, бірінші кезекте, Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Сианьға рейстерді ашатын боламыз, сонымен қатар Шымкенттен Үрімшіге рейстерді қайта бастағымыз келеді. Әрине, біз бұрын Қазақстан қалаларынан Санья қаласына жасаған туристік рейстер бар. Бұдан ары Шымкент әуежайында хабты дамыту бойынша жоспарда Қытайдың басқа қалаларын қарастырып жатырмыз, бірақ бұл туралы әлі айтқым келмейді, өйткені ұзақ мерзімде шешілетін келісім", - деді Виктор Коротков.

Реклама
Реклама

Жапонияға әуе рейстері туралы ақпарат та қозғалды. Коротковтың айтуынша, әуекомпанияның Токиоға орындайтын рейстері мемлекет бюджетінен субсидияланған. Сондықтан бұл мәселе компанияның мүмкіндіктеріне ғана байланысты емес.

"Біз техникалық жағынан да, барлық рұқсат тұрғысынан да осы рейсті орындай аламыз. Бірақ Қазақстан азаматтарына қатысты санитарлық шектеулер тұрғысынан Жапония тарапынан проблемалар бар. Сондықтан шектеулер алынып тасталғаннан кейін рейстерді қайта бастаймыз. Мәселе кешенді, ол тек бізге байланысты емес", - деді ол.

Сондай-ақ, сарапшы Ресей қалаларына және Нұр-Сұлтаннан армян Ереванына рейстердің қайта басталғаны туралы айтты. Ол бүгінде жағдай өте тез өзгеретіндіктен және барлық өзгеріс әуекомпанияға ғана емес, әуежайлардың техникалық мүмкіндіктеріне де байланысты болғандықтан, нақты күндерді айту қиын екенін түсіндірді.

"Нұр-Сұлтаннан Сочиге рейстерді іске қосу жоспарланып отыр. Біз әрдайым ұшатынбыз және пандемияға дейін осы бағытта жүрдік. Қазір қайта бастауды жоспарлап отырмыз. Минералды сулар мен Краснодар да бар. Жақын арада жаңарту туралы ақпарат пайда болады.

Нұр-Сұлтан-Ереван рейсін де жаңарту мүмкіндігін қарастырып жатырмыз. Егер олар қайта басталса, онда шамамен мерзімі - мамырдың соңы. Нақты ақпарат сәл кейінірек болады. Біз техникалық мүмкіндіктерімізді бағалауымыз керек. Әзірге біз Ақтаудан рейстерді орындауға тоқталдық. Себебі біздің техникалық мүмкіндіктеріміз Ереван-Ақтау бағыты бойынша рейс орындауға мүмкіндік береді", - деді сарапшы.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная