Әуекомпаниялар Қазақстандағы жолаушылар ағыны туралы болжам жасады

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында қазақстандық авиациядағы жолаушылар ағыны туралы баяндады және болашаққа болжам жасады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Қазақстандық әуе компаниялар осы жылдың бірінші жартыжылдығында 3 973 150 жолаушыны, оның ішінде ішкі желілерде 3 488 675 және халықаралық желілерде 484 475 жолаушыны тасымалдады.

Бір жыл бұрын, COVID-19 пандемиясына байланысты жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі байқалды. 2020 жылдың 12 айында отандық әуе компаниялар 5 260 014 жолаушыны тасымалдады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 27 пайызға төмен.

Отандық әуекомпаниялардың болжамы бойынша жыл соңына қарай жолаушылар ағынының жалпы саны 9 093 022-ге дейін өсуі тиіс.

Эйр Астана әуе компаниясы 3 482 790 жолаушы,

Scat әуе компаниясы 1 569 410 жолаушы,

Qazaq Air әуе компаниясы  575 996 жолаушы,

FlyArystan әуе компаниясы 3 464 826 жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр.

Осылайша, биыл жолаушылар ағынының саны 2019 жылғы көрсеткіштен (7 227 127 жолаушы) асады деп күтілуде. Жекелеген әуе компанияларда, атап айтқанда FlyArystan өткен ауыр жылға қарамастан, қызмет көрсетілген жолаушылар саны бойынша жыл сайынғы өсімді көрсетеді (2019 жылы - 700 233, 2020 жылы – 1 467 261 және 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында – 1 379 400).

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!