Атырау облысында лотос алқабы гүлденді: фото, видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде лотос гүлдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.


Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзенінде лотос гүлдеді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Құрманғазы ауданы - елдегі лотос өте көп гүлдейтін жалғыз аудан. Оның гүлдену кезеңі шілденің ортасынан тамыздың соңғы аптасына дейін жалғасады. Маусымда күн сайын 50-ге жуық турист осы сұлулықты тамашалауға келеді. Лотос алқабы бес мың гектарға дейін созылады. Бұл жерде туристік компаниялар жұмыс істейді. Олар келген туристерге гидтер қызметін ұсынады.

Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

"Бүгін түрлі туристік компаниямен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Біз келген туристерді қайықпен аңғарға апарамыз, түнейтін орын және тамақпен қамтамасыз етеміз. Біздің басты мақсатымыз – тазалық пен қауіпсіздікті қатаң сақтау", - дейді West Motors service ЖШС өкілі Жәнібек Ақтананов.

Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Нұрлыбек Төлеповтың айтуынша, жыл сайын туристер саны артып келеді. Сондықтан аңғардың аудандары мен әр лотостың сақталуына назар аудару өте маңызды.

Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Ол лотос алқабы Қызыл кітапқа енгізілгенін, өйткені ол қорғалатын табиғи аумақ екенін атап өтті. Келген туристер, өкінішке қарай, кейде оны бағаламайды: бұзақылық фактілері бар, олар өсімдіктерді жыртып, сындырады. Аудан билігі арнайы құзырлы органдар тарапынан қатаң бақылау болғанын қалайды.

Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

"Бүгінгі таңда Қиғаш өзенінің жағалауында, жоғарыда аталған аумақта төрт кәсіпкерлік нысаны жұмыс істейді. Сонымен қатар, 2022 жылдың соңына дейін екі туристік базаның құрылысы аяқталады. Ішкі туризмді дамыту мақсатында мемлекет жеті кәсіпкерге жер телімдерін берді. Бұл жерде кәсіпкерлік нысанның құрылысы үш жыл ішінде басталады, бұл өңірдегі туристер санының артуына мүмкіндік береді", - деді Нұрлыбек Төлепов.

Фото: Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel