Атырау-Алматы рейсінде жасөспірім теріс қылығы үшін жазаланды

© pixabay.com/Fangirl

Кәмелетке толмаған жолаушыға ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Кәмелетке толмаған жолаушыға ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Air Astana әуекомпаниясының "Атырау-Алматы" бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері әуе кемесі командирінің актісі бойынша құқықбұзушыны түсіріп алды.

"Ол ұшу кезінде әуекемесінің дәретханасында темекі өнімдерін тұтынған Атырау қаласының 17 жастағы тұрғыны болып шықты", - дейді құқық қорғау органдарының мамандары.

Реклама
Реклама

Жасөспірімге заңды өкілдерінің қатысуымен 10 АЕК - 34 500 теңге айыппұл салынды.

"Сондай-ақ, кәмелетке толмаған жасөспірімнің заңды өкіліне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы, яғни кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша әкімшілік іс қозғалып, 10 АЕК әкімшілік айыппұл салынды", - дейді полицейлер.

Осылайша, темекі шеккісі келген Атырау тұрғынының отбасы 69 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная