Блогерлер Данат Әлиев пен Талғат Бекмағамбетов әлемдегі ең үлкен сфералық ғимаратқа - "НұрӘлем" сферасына көтеріліп, түнгі Астананың әсерлі көрінісін көрсетті, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
"Астана тағы да Астана. Astana again Astana. Біз әлемдегі ең үлкен сфералық ғимараттың төбесіне бірінші болып шықтық", - деп жазды Данат Әлиев.
Публикация от Danat Aliyev (@dan_a_t)
Данат Әлиев бұл ғимараттың үстіне шығуды көптен армандағанын айтады. Алайда, арманын жүзеге асыру мүмкін деп ешқашан ойламаған.
"2017 жылға дейін маған Астана мүлдем ұнамады. Мұның бәрі мен Expo көрмесіне 2017 жылы келгенше болды. Көрме ауқымы сананы өзгертті. Содан кейін мен бұл жерде тұрып, бір күні осы "НұрӘлем" шарында видео жасау керемет болар еді деп ойладым. Бес жыл өтті. Бір сәтте шындыққа жанаспайтын армандардың орындалуы таңғаларлық. Ең бастысы - оларды орындау үшін күн сайын бір нәрсе жасау", - деді ол.
Публикация от Tala Shin I Видеограф I FPV (@talashin)
Блогер шатырға шығуға болмайтынын және қарапайым адамға қолжетімді емес екенін түсіндірді. Видео авторлары төбеге шығу үшін альпинистерді даярлау курстарынан өткен.
"Бірден сұрақтар түсе бастады "шатырға қалай жетуге болады". Мен бірден жауап беремін: жол жоқ. Осы жылдың маусымында дайындала бастадық, өйткені өнеркәсіптік альпинистер курсынан өту қажет болды. Біз техника қауіпсіздігі бөлімімен әңгімелесуден өттік, EXPO-ның барлық басшысынан төрт апта бекітуді күттік, дронның ұшуына рұқсат алдық. Мұның бәрі бір рет үшін. Қарапайым адамдар үшін бұл өте қауіпті", - деп түсіндіреді Данат.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!