Ресейге жаңа әуе рейстерін қазақстандық тасымалдаушы іске қосады. Бұл туралы елорданың халықаралық әуежайының әлеуметтік желілерінде жазылды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Жаңа рейс Астана мен Ресейдегі халық саны бойынша екінші қала - Санкт-Петербургті байланыстырады.
Ұшуларды SCAT тасымалдаушысы жүзеге асырады. Бірінші рейс 30 қазанда болды. Сондай-ақ, рейстер аптасына екі рет - жұма және жексенбі күндері жиілікпен орындалатыны белгілі.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!