Астанадан Павлодарға әуерейстер қашан ашылады

1 қарашадан бастап Астана - Павлодар тікелей рейстері ашылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Астана - Павлодар әлеуметтік маңызы бар бағыты бойынша әуерейстерді Qatar Air әуекомпаниясы аптасына төрт рет жиілікпен орындайтын болады. Билет құны - 10 000 теңге, сатылымға шықты.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жыл соңына дейін Павлодар - Астана бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруді тапсырған болатын. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтауды атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!