2023 жылғы 10 желтоқсаннан бастап пойыздар қозғалысының "пакеттік" кестесі бойынша Тальгоның төрт жолаушы құрамы Астанадан Алматы мен Шымкент қалаларына дейін кешкі уақытта әр 20 минут сайын қатынайтын болады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушылар пойыздарының "пакеттік" кестесі келесі бағыттар бойынша Астанадан шығу уақытына сәйкес жүргізіледі:
- №86/85 Астана (Нұрлы Жол) - Шымкент сағат 20:00-де;
- №4/3 Астана (Нұрлы Жол) - Алматы-2 сағат 20:20-да;
- №72/71 Астана (Нұрлы Жол) - Шымкент сағат 20:40-та;
- №10/9 Астана (Нұр-Сұлтан 1) - Алматы-2 сағат 20:58-де.
"Жолаушылар тасымалы" АҚ елордалық вокзалдарда бір мезетте төрт пойыз қатарынан тұратынын ескерте отырып, жолаушыларға пойызға отыру кезінде пойыздың нөміріне және жөнелту уақытына назар аударуды ұсынады.
Ұлттық тасымалдаушы Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі көліктік-логистикалық әлеуетін дамыту тұжырымдамасына сәйкес жаңа көлік маршруттарын құруға, маршруттық желіні және пойыздар қозғалысының кестесін өзгертуге негізделген интермодальдық тасымалдарды дамыту жөніндегі шаралар кешенін іске асырады.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!