Астана - Сеул рейсі қайта жанданды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Air Astana Корея мен Қазақстан астаналары арасындағы рейстерді қайта ашты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әуекомпаниясына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Air Astana Корея мен Қазақстан астаналары арасындағы рейстерді қайта ашты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі әуекомпаниясына сілтеме жасап.

15 маусымда сағат 19:55-те Астана халықаралық әуежайынан Инчхон халықаралық әуежайына ұзақ уақыттан кейін алғашқы рейс орындалды. Екі астана арасындағы әуе қатынасы алғаш рет 2015 жылы іске қосылды, бірақ жаһандық пандемияға байланысты уақытша тоқтатылған болатын.

Астанадан Сеулге рейстер аптасына екі рет сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A321LR ұшағымен орындалады және Алматыдан Сеулге күнделікті рейстерді толықтырады. Екі бағыт да Asiana Airlines компаниясымен кодшеринг келісімі бойынша жұмыс істейді және жолаушыларға кең таңдаулы рейстер мен ыңғайлы байланыстарды ұсынады.

Реклама
Реклама

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная