Қазақстан мен Корея Республикасының астаналары арасындағы әуе қатынасы қалпына келтіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.
Бұл шешімге екі елдің авиация билігінің 2024 жылғы ақпан және наурызда Алматы және Сеул қалаларында өткен келіссөздері нәтижесінде қолжеткізілген.
Осылайша, 2024 жылдың 15 маусымынан бастап Air Astana Астана – Сеул бағыты бойынша рейстерді қалпына келтіреді.
"Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) AirBus-A321LR типті сыйымдылығы 166 орындық ұшақтар арқылы орындалады", - делінген ААК хабарламасында.
Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететіні түсіндірілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!