"Астана-Сеул" бағытындағы рейстер қайта жанданады

Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артып, жаңа әуе бағыттары ашылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан мен Оңтүстік Корея елдері арасындағы әуе рейстерінің саны артып, жаңа әуе бағыттары ашылады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сеулде (Корея Республикасы) Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Талғат Ластаевтың Корея Республикасы Жер, инфрақұрылымы және көлік министрінің орынбасары Юн Санг Лимен екіжақты кездесуі өтті.

"Кездесу барысында тараптар Астана мен Сеул арасындағы рейстерді қайта бастау, "Алматы-Сеул" бағыты бойынша орындалатын рейстерді ұлғайту, сондай-ақ Шымкенттен Сеулге және Пусан мен Қазақстан қалалары арасындағы рейстерді ашу мәселесін талқылап уағдаласты", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Реклама
Реклама

Сонымен қатар, Талғат Ластаев T ' Way төмен бюджеттік әуе компаниясының және Sirius Airlines жүк әуе компаниясының басшылығымен кездесулер өткізді. Кездесу барысында кореялық тасымалдаушылар Қазақстанға ұшуға ниетті екенін білдірді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная