Астана мен Орал қаласынан келген қыздарға ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салынды

Көрнекі сурет: Тұрар Қазанғапов

Жас қыздарға ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жас қыздарға ұшақ бортында темекі шеккені үшін айыппұл салынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әуе кемесінің бортында темекі шеккені үшін елорданың 20 жастағы тұрғыны Шарм-эль-Шейх – Астана әуе рейсінен шығарылып, көлік полицейлеріне берілді. Жас қыз "әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну" ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы 1-2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 50 АЕК (153 150 теңге) айыппұл салынды.

Орал қаласының тұрғыны болған тағы бір жолаушы осындай құқық бұзушылық үшін Орал – Алматы рейсінен шығарылды.

Реклама
Реклама

Айта кетейік, 2022 жылдың басынан бастап еліміздің көлік полицейлері түрлі әкімшілік құқық бұзушылық үшін 379 азаматты, оның ішінде әуе кемесінің бортында темекі өнімдерін тұтыну 106, алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде жүру бабымен 204 азаматты әуе рейсінен шығарды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная