ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің өкілдері Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер саны артатыны туралы мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
2023 жылғы 26-27 шілдеде Қазақстан мен Катардың авиациялық билігі арасында екі ел тасымалдаушыларының қатысуымен келіссөздер өтті. Келіссөздер қорытындысы бойынша рейстерді орындау үшін құқықтық базаны кеңейтетін өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды:
- әр тараптан Астана және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;
- әр тараптан Алматы және Доха қалалары арасында аптасына 7-ден 14 рейске дейін;
- "ауа еркіндігінің" 5 дәрежесін қоса алғанда, әр жағынан аптасына 7-ден 10-ға дейін жүк рейсі.
Осылайша, рұқсат етілген жиіліктер саны аптасына 21-ден 38 рейске дейін өсті.
Қол жеткізілген уағдаластықтар негізінде "Qatar Airways" әуекомпаниясы ағымдағы жылдың соңына дейін Алматы - Доха бағыты бойынша орындалатын рейстер санын күніне 1-ден 2 ретке дейін (аптасына 7-ден 14 рейске дейін) ұлғайтуды жоспарлап отыр.
Сондай-ақ, 2024 жылдың ортасында әуекомпания Астана-Доха бағыты бойынша әуеқатынасын ашуды жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта "Qatar Airways" әуекомпаниясы Қазақстанға бағыт бойынша рейстерде, оның ішінде "Боинг-787 Дримлайнер" үлгісіндегі кең фюзеляжды әуекемелерін пайдаланады. Келіссөздер барысында әуекомпания Қазақстан Республикасына рейстерде әуекемелерінің осы түрлерін пайдалануды арттыратынын хабарлады.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.