Астана маңында пойыз шұғыл тоқтады: себебі белгілі болды

Видеодан скрин: t.me/kozachkow

"Қазақстан теміржолының" өкілдері Астана маңындағы Алматы - Петропавл пойызының шұғыл тоқтауын түсіндірді. Компанияның баспасөз қызметі пойыздың техникалық вагонында өрт шыққанын растады, - деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

"Қазақстан теміржолының" өкілдері Астана маңындағы Алматы - Петропавл пойызының шұғыл тоқтауын түсіндірді. Компанияның баспасөз қызметі пойыздың техникалық вагонында өрт шыққанын растады, - деп хабарлайды Kaz.tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Алматы - Петропавл пойызы вагондарының бірінде түтін шыққаны түсірілген видео пайда болды. Атап айтқанда, оны журналист Михаил Козачков Telegram каналында жариялады.

Сондай-ақ, оқырмандар жолаушыларды вагоннан эвакуациялап жатқаны түсірілген видео жіберді.

Реклама
Реклама

ҚТЖ баспасөз қызметі 21 қыркүйекте Қарағанды – Астана учаскесінің Мырза - Шоқай аралығында Алматы-2 – Петропавл пойызы құрамның соңында орналасқан техникалық вагондағы өрттің салдарынан тоқтатылғанын хабарлады.

"Пойыз бригадалары қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарына сәйкес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бес артқы вагоннан 50 жолаушы бас вагонға көшірілді (37 жолаушы құрам ішінде, 13 адам көше арқылы көшірілді). Осыдан кейін вагондардың барлық жолаушысы пойыз құрамында болды", - деп хабарлады ҚТЖ.

Оқиға орнына Қарағанды станциясынан өрт пойызы келді, өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Жолаушылар Алматы - Нұр-Сұлтан Нұрлы жол қатынасындағы № 3/4 поезға ауысып, Астанаға жеткізілді.

ҚТЖ "Тальго" вагондарына техникалық қызмет көрсетуді Patentes Talgo компаниясы жүзеге асыратынын атап өтті.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная