Астана-Қостанай пойызы Ақтөбеге дейін ұзартылады

Фото: редакция архиві

Ұлттық тасымалдаушы №81/82 Астана – Қостанай бағытындағы "Тальго" пойызының бағытын Ақтөбе станциясына дейін ұзартатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық тасымалдаушы №81/82 Астана – Қостанай бағытындағы "Тальго" пойызының бағытын Ақтөбе станциясына дейін ұзартатыны белгілі болды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім сұраныстың артуына байланысты қабылданғаны хабарланды.

Осылайша, 2024 жылдың 10 маусымынан бастап "Тальго" №81/82 Астана – Қостанай пойызының Ақтөбе станциясына дейінгі бағыты кеңейтіледі.

Реклама
Реклама

"Пойыз бағытына Астана, Атбасар, Есіл, Құсмұрын, Тобыл, Қостанай, Хромтау, Әйтеке би, Никельтау, Ақтөбе сияқты негізгі станциялардағы аялдамалар кіреді. Пойыз күн сайын кезеңділікпен Астанадан жұп күндері, Ақтөбеден тақ күндері жөнелтіледі", - делінген компания хабарламасында.

Еске салайық, жолаушылар пойыздарының жол жүру құжаттарын пойыз жөнелтуге дейін 45 күннен кем емес және 1 күннен кешіктірмей алдын ала сатып алуға болады. Ұзартылған бағытқа билеттер сатылымға шығарылған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная