"Астана-Қостанай" бағыты бойынша рейске шыққан Fly Arystan борты жарты жолға жеткенде елордалық әуеайлаққа оралғаны туралы ақпарат тарады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі "Наша Газета" сайтына сілтеме жасап.
Жолаушылардың сөзінше, ұшақтың не себепті қайта оралғаны оларға "нақты түсіндірілмеген". Біз осы мәселенің мән-жайын білу үшін Fly Arystan баспасөз қызметіне хабарластық.
Компанияның мәліметінше, 2024 жылғы 19 наурызда Қостанайға ұшқан КС7341 "Астана-Қостанай" рейсі өндірістік себепке байланысты Астана әуежайына қайта оралған.
"Әуекомпанияның рейсі жергілікті уақыт бойынша сағат 14:15-те ұшып кетті. Жолаушыларға сусын мен ыстық тамақ берілді. Әуекомпания өкілдері әуежайда болып, жолаушыларға барлық қажетті қолдау көрсетті", - деп түсіндірді олар.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!