Астана әуежайының өкілдері рейстердің кешігуін түсіндірді

Астана әуежайының басшысының бірінші орынбасары Руслан Пыштанов қысқы маусымда рейстердің жиі кешігуінің себебін айтты , - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана әуежайының басшысының бірінші орынбасары Руслан Пыштанов қысқы маусымда рейстердің жиі кешігуінің себебін айтты , - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

"Рейстер ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігуі мүмкін. Бұл әуежайдың жұмысқа дайын емес деген сөз емес. Кейде ауа райы жайлы болып тұрса да ұшақ ұшып шыққан аймақтағы ауа райының қолайсыздығына байланысты кешігуі мүмкін. Рейстердің кешігуі әуежайға тікелей қатысты емес. Бұл әуекомпанияның жұмысы", - дейді Руслан Пыштанов.

Реклама
Реклама

Сондай-ақ ол Астананың халықаралық әуежайы күз-қыс мезгілінде апатты жұмыстарды атқаратын арнайы техникалармен қамтылғанын мәлімдеді. Ал рейстер кешіккен жағдайда әуежай мен әуекомпания жолаушыларға ыстық тағам мен сусын ұсынады.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная