Астана әуежайында жолаушылар жанжал шығарды

видеодан алынған кадр

Астана – Шымкент рейсінің жолаушылары рейстің тоқтауына байланысты Астана әуежайында жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана – Шымкент рейсінің жолаушылары рейстің тоқтауына байланысты Астана әуежайында жанжал шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде Астана әуежайынан Шымкентке ұшпай қалған Fly Arystan жолаушыларының видеосы пайда болды.

@bdvarchi #airastana #nqz #astana #flyarystan #нападение #аэропорт #шымкент #задержкарейса #флайарыстан @FlyArystan✈️🦁 ♬ оригинальный звук - bdvardak
Реклама
Реклама

Кейбір жолаушылар әуе компания өкілдерін ұрып, оларға заттар лақтырған.

@rauan_g

♬ оригинальный звук - rauan_g

Адамдар айғайлап, ұшаққа отырғызуды талап етіп жатыр.

Жолаушылардың бірінің айтуынша, Астана – Шымкент рейсі 25 ақпанда сағат 05:40-та ұшуға тиіс болған.

"Ауа райына байланысты деп қайта-қайта уақытын жылжыта беріп, ең соңында 10 сағат күтіп шаршаған жолаушыларға "рейс болмайды" деп смс жіберді 🤦🏻‍♀️ содан ашулы халық наразылығын көрсетіп жатыр. Флайарыстаннан жауап беретін бір жауапты адам келмеді. Бірінші рет емес, осы авиакомпания жиі осындай жағдайда қалдырады 😣 мәселе ауа райында да емес қой сондағысы", - деп жазды жолаушы.

@mukhanbetkadyrova_ 25.02. Астана-Шымкент рейсі 05:40та ұшуы керек еді. Ауа-райына байланысты деп қайта қайта уақытын жылжыта беріп, ең соңында 10сағат күтіп шаршаған жолаушыларға рейс болмайды деп смс жіберді 🤦🏻‍♀️ содан ашулы халық наразылығын көрсетіп жатыр. Флайарыстаннан жауап беретін бір жауапты адам келмеді. Бірінші рет емес, осы авиакомпания жиі осындай жағдайда қалдырады 😣 мәселе ауа-райында да емес қой сондағысы. ҚазақЭйр өз уақытынан жарты сағатқа кешігіп шықты Шымкентке. Бірақ ол ұшты каким-то образом. Бұл жерде ауа-райы деп халықты алдап керек емес. Қаншама үлкен ата-әжелеріміз, кішкентай сәбилеріміз бар түннен бері көз ілмей күтіп отырған. Билет сатылды ма, кешігіп болсын адамдарды барар жеріне жеткізу олардың міндеті деп ойлаймын. Авиакомпаниядан әбден көңіліміз қалды 😔 #flyarystan #flyarystanскандал ♬ оригинальный звук - ✨✨✨

Астана әуежайының онлайн-таблосындағы деректер бойынша KC 7308 рейсі шынымен тоқтатылған.

"ҚазақЭйр өз уақытынан жарты сағатқа кешігіп шықты Шымкентке. Бірақ ол әйтеуір ұшты. Бұл жерде ауа райы деп халықты алдап керек емес. Қаншама үлкен ата-әжелеріміз, кішкентай сәбилеріміз бар түннен бері көз ілмей күтіп отырған. Билет сатылды ма, кешігіп болсын адамдарды барар жеріне жеткізу олардың міндеті деп ойлаймын. Авиакомпаниядан әбден көңіліміз қалды", - деді жолаушы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная