Астана әуежайында екінші ұшу-қону жолағы салынады

Әуежай басшылығы екінші ұшу-қону жолағын салу, арнайы экономикалық аймақ ашу және авиаотынды жеткізу логистикасын жақсартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Әуежай басшылығы екінші ұшу-қону жолағын салу, арнайы экономикалық аймақ ашу және авиаотынды жеткізу логистикасын жақсартуды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзиннің түсіндіруінше, барлық өзгеріс Астананың әуе айлағының жолаушылар ағыны мен 2023 жылы орындалатын рейстер саны бойынша Қазақстандағы ең ірі айлаққа айналуы үшін жасалып жатыр. Сондай-ақ, алдағы 5 жылда жүк тасымалын төрт есе арттыру көзделген.

Реклама
Реклама

Ведомствоның мәліметінше, "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының" қолданыстағы ұшу-қону жолағы 2003 жылы қайта жаңартылғаннан кейін бұл бағытта басқа жұмыстар жүзеге асырылмаған. Биыл мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Алайда, авиатасымалдар қарқынының өсуі мен әуежайды дамыту жөніндегі жоспарларға байланысты әуеайлақ учаскесін қайта жаңарту қажеттігілігі туындап отыр.

"Біз 2027-2028 жылдары жолаушылар ағынының жоғары деңгейіне жетіп, сәйкесінше бұл ұшу-қону жолағының өткізу қабілетін арттыруды талап етеді деп болжап отырмыз. Осы ретте жолақтағы, рульдеу жолақтары мен перрондағы жабынды, сондай-ақ жарық-сигналдық жабдықты ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Ұшу-қону жолағын жөндеу уақытша қолайсыздықтар туғызады, бірақ бұл мәселені шешуге ниеттіміз", – деді әуе айлағын дамыту тұжырымдамасының тұсаукесерінде Дәулет Хамзин.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная