Астана әуежайында әйел контрабандалық жүк өткізіп, пара бермек болған

Түркиядан контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкеліп, елорда әуежайында кедергісіз өту үшін пара бермек болған азаматқа қатысты соталды тергеп-тексеру жұмыстары басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ҚМА елордалық департаменті мәліметінше, брендтік зергерлік бұйымдардың құны 57 миллион теңге болады.

"Сонымен қатар, аталған азамат багажды өткізгені, тексергені және кедергісіз кедендік ресімдегені үшін елорда әуежайының кеден бекетіндегі лауазымды тұлғаға 860 мың теңге пара берген. Сот күдіктілерге екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Қазіргі уақытта соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жарияланбайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!