Астана әуежайы түнгі рейстер үшін ашылды. Қосымша билеттер болады

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайы жолаушылардың ыңғайы үшін жұмыс регламентін ұзартады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана әуежайы жолаушылардың ыңғайы үшін жұмыс регламентін ұзартады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Көлік министрлігі мәліметіне сілтеме жасап.

"Авиатасымалдаушылар тарапының өтінішіне сәйкес әуежай жұмысына жауапты компанияның техникалық мамандары әуеайлақтағы жөндеу жұмыстары процесін оңтайландырып жатыр.

Жазда әуе тасымалдары жоғары сұранысқа ие. Сондықтан биылғы 14 маусымнан бастап жолаушылардың ыңғайы үшін әуежай жұмысының регламенті күнделікті технологиялық үзіліспен (23:00-ден 00:30-ға дейін) ұзартылады", - делінген хабарламада.

Жұмыс жүргізу уақытында әуежай ұшу-қону жолағының жұмысын қамтамасыз етеді, жөндеу жұмыстары кейіннен ұшу-қону жолағына ауыса отырып, әуеайлақ жабындарының басқа учаскелерінде (магистральдық такси жолы, такси жолдары, перрон) жүзеге асырылатыны айтылды.

Реклама
Реклама

"Қазір магистральдық такси жолында жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл әуежайдың жұмысына кедергі келтірмейді.

Авиатасымалдарға сұранысты қанағаттандыру мақсатында авиакомпаниялар ішкі тасымалдаулар бойынша кестені жедел қайта қарайды және жоғары сұранысқа ие бағыттар бойынша қосымша рейстерді қамтамасыз етеді. Осыған байланысты, жолаушыларды авиакомпаниялардың ресми сайттары арқылы рейстер мен билеттерге сәйкес ақпаратты тексеруге шақырамыз".

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная