Астана әуежайы жылына 3000-нан аса жүк транзиттік рейстеріне қызмет көрсетеді

© Тұрар Қазанғапов

Астана әуежайының географиялық орналасуы ұшу кезінде жүк авиакомпанияларының шығындарын азайтады. Елдер арасындағы шекаралардың жабылу кезеңінде көптеген авиакомпаниялар Астана әуежайын Еуропадан Азияға және кері қайтар жолда транзиттік аялдама ретінде пайдалана бастады. Ішкі саясатты қайта қарап, мультимодальды және транзиттік жүк тасымалына бәс тігу дұрыс шешім болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуежай баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Астана әуежайының географиялық орналасуы ұшу кезінде жүк авиакомпанияларының шығындарын азайтады. Елдер арасындағы шекаралардың жабылу кезеңінде көптеген авиакомпаниялар Астана әуежайын Еуропадан Азияға және кері қайтар жолда транзиттік аялдама ретінде пайдалана бастады. Ішкі саясатты қайта қарап, мультимодальды және транзиттік жүк тасымалына бәс тігу дұрыс шешім болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуежай баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айта кету керек, әуежайдың идеалды географиялық орналасуы Қытайдан Еуропаға ұшу кезінде жүк авиакомпанияларының шығындарын азайтады, ал жердегі қызмет көрсету мен авиаотынның бәсекеге қабілетті бағалары басқа әуежайлар мен елдерден транзиттік рейстерді тартуға қосымша ынталандыру болды.

Реклама
Реклама

"Жүк инфрақұрылымы - әуежайды дамытудағы басымдық. Жүк инфрақұрылымын дамыту, жүк терминалдарын кеңейту - біз үшін басым бағыт. Айта кету керек, Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының Орталық Азиядағы ең үздік жерүсті инфрақұрылымы мен арнайы техникалық жабдықтары бар, бұл рейстерге жылдам әрі сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Әуежайдың ұшу-қону жолағы - Орталық Азиядағы ең үздіктердің бірі. Ол ИКАО ІІІА санатына сәйкес келеді және кез келген ауа - райында әуе кемелерінің барлық түрлерін қабылдауға және шығаруға мүмкіндік береді", - деді "Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы" АҚ Басқарма төрағасы Дәулет Хамзин Флорида штатының Майами қаласында, АҚШ-та өткен "Air Cargo Forum" халықаралық форумындаі.

Сурет nn-airport.kz сайтынан

Маманның айтуынша, қазір әуежай жылына 3000-нан аса жүк транзиттік рейстеріне қызмет көрсетеді, ал "коронавирус" жылдарына дейін бұл көрсеткіш тіпті 50 транзиттік жүк рейстеріне жеткен жоқ. Әуежай даму стратегиясының негізгі бағыттарының бірі ретінде әуе жүктерін дамытады. Жаңа стратегияның арқасында Астана әуежайы 2022 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша жақсы өндірістік көрсеткіштерге ие. Мәселен, осы кезеңде 2930 жүк рейсі жүзеге асырылды, жүк айналымы 8 мың тоннадан асты.

2022 жылдың 8-11 қарашасы аралығында өтетін Форум әлемнің әртүрлі елдерінен 4000-ға жуық авиация саласының өкілдерін жинады. Дәулет Хамзин түрлі компаниялармен бірқатар кездесулер өткізді. "National Airlines" авиакомпаниясының өкілдерімен 2023 жылы чартерлік рейстерді орындау жөніндегі жоспарлар талқыланды, қазіргі уақытта рейстердің кестесі мен бағдарламасы қалыптастырылуда. Challenge Airlines компаниясымен ынтымақтастықты одан әрі дамыту, Еуропадан Астанаға және Астанадан Қытайға жүктерді жеткізу бойынша коммерциялық жүк рейстерін орындау перспективалары қаралды. Сондай-ақ, Ethiopian Airlines, Magma Aviation, Polar Cargo, Atlas Air авиакомпанияларымен және елордалық әуежайдың транзиттік әлеуетіне мүдделі басқа да түрлі логистикалық компаниялармен келіссөздер жүргізілді.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная