Астана әуежайы жолаушыларға үндеу жолдады

Астана халықаралық әуежайы жолаушыларға Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатынын ескертті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ведомство мәліметінше, былтыр күзде жаңбырдың салдарынан елорда әуежайындағы терминалдың шатырынан су өтіпті.

Осыған байланысты биыл мердігер "Mabco Constructions SA" құрылыс компаниясы өз міндеттемесін орындап, Астана халықаралық әуежайының ғимаратында құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Жөндеу жұмыстарына байланысты 1 сәуір мен 1 маусым аралығында Т1 терминалының алдынан өтетін жол кезең-кезеңімен жабылатын болады. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз", - делінген хабарламада.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.