Арыстан және ұртта сақталған құрманың оқиғасы. Түркістанға сапарды неліктен Арыстан бабтан бастау қажет?

Қасиетті Түркістанға сапарды жергілікті гидтер Арыстан баб кесенесінен бастауға кеңес береді. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге Арыстан баб және оның кесенесі жайлы сыр шертеді.

Кесене Түркістан халқына ислам дінін таратқан Қожа Ахмед Яссауидің ұстазы болған Арыстан-Бабтың қабірінің үстіне салынған. Ғимарат айтарлықтай кең, ол бөлек бөлмелерден, мешіттен, мұнарадан және кітапханадан тұрады. Қабір кесененің ең көне бөлігі болып саналады. Кесене бірнеше рет қалпына келтірілген, ғимарат алғаш рет XIV-XV ғасырларда тұрғызылған, 1909 жылы кесене толығымен қайта жаңартылған. Кесененің ішіне Арыстан-Бабтың үлкен зираты салынған, оның шәкірттері мен ізбасарлары Хермет-баба, Қарға баба, Лашын баба жерленген.

© Shutterstock

Арыстан-Баб XII ғасырда өмір сүрді, ол ұзақ уақыт бойы Яссы қаласындағы шейхтардың басшысы және жас Ахмед Яссауидің алғашқы ұстазы болды.

Арыстан бабтың нақты кім болғанын айту қиын... Тарихта оны кезбе әулие немесе жергілікті билеуші, шейх болған деп те атайды. "Арыстан" немесе "Арслан" сөздері түркі тілінен аударғанда арыстан деген мағына береді. Аңыз бойынша ол өзінің жерді ұзақ уақыт кезіп, тылсым қабілеттері болғаны үшін осы лақап атқа ие болды.

© ru.m.wikipedia.org

Аңыздарда ол арыстанмен достасып, тіпті арыстанды ерттеп мініп, көлік ретінде де пайдаланып еркін жүре алатын болған. Араб тілінен аударғанда "баб" сөзі қақпа деген мағына білдіреді. Бұл жағдайда баб - құдаймен ашық сөйлесуге ашылатын қақпа. Бұрын сопылық ағымның әулиелерін осылай атаған еді. Қазақ тарихында тіпті мақал да бар: "Отырарда отыз баб, Сайрамдағы сансыз баб".

Арыстан баб Орталық Азиядағы әулиелердің иерархиясындағы басты тұлға, аңыз бойынша қазақ жеріне оңай сіңген сопылық ағымды алғаш әкелген адам болып саналады .

@svyatye_mesta_kazahstana

Біздің даламызға сопылық өте оңай сіңді. Бұған көшпелі өмір салты мен түріктердің психологиясы көп септігін тигізді деп саналады.

"Табиғатымыздан бізде сопылық элементтер көп. Бұл ақыл-ойдың поэтикалық қоймасы, дүниетанымның кеңдігі, және еркін стандартты емес ойлау, ең бастысы - тірі сенім (иман) және мұсылмандық өмір мен сыртқы әдеп-ғұрып бойынша рухани өзін-өзі жетілдіру. Сопылық көшпенділер сияқты нақты бір аумаққа байланбаған. Оның өмірі - шексіз елшілік және саяхат. Көшпенділер сопылардың ұстанған қатаң нәпсіні тыю мен тақуалығын жақсы түсінген, өйткені олар өз тұла бойын тәртіп пен ретке келтіруді тәрбиеледі", - деп сипаттайды дінтанушы-ғалым әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Қалимаш Бегалинова.

Арыстан-Баба кесенесі. © Әлібек Бегалинов

Дегенмен, аты аңызға айналған Арыстан бабтың шынайы тарихи прототипі бар екен. Тарихшылар тарихта алғаш болып ислам дінін қабылдаған парсылық Салман әл-Фарси. Ол Парсы елінде зороастрийлердің отбасында дүниеге келді, бірақ ислам қабылдады және бүкіл өмірін жиһан кезді. Сонымен қатар, Салман әл-Фарси Мұхаммедтің жақын серіктесі болған.

Арыстан бабтың өмірінің өзі небір аңыздарға құрылған...

Олардың бірінің айтуы бойынша, Мұхаммед пайғамбар мен оның сахабалары бір даcтархан басында бір табақтан құрма жеп отырыпты. Қайта-қайта табақтан бір құрма жемісі түсіп қала береді екен. Осы мезетте пайғамбар: "Бұл құрбандық сізден 400 жыл өткен соң дүниеге келетін мұсылман Ахмедке арналған" деген аянды естіген деп болжайды. Пайғамбар сахабаларынан осы құрманы кім тапсыратынын сұрайды. Ешкім ерік білдірмейді. Пайғамбар сұрағын тағы қайталағанда, Арыстан баб былай дейді: "Егер сіз Алладан 400 жыл өмір сұрасаңыз, онда құрманы тапсырамын", - деді. Солай болды. Көптеген жылдар өткен соң, Арыстан баб кішкентай Ахмедпен кездесіп, оған шынымен де құрманы тапсырады.

@svyatye_mesta_kazahstana

Кішкентай Ахмедті Арыстан-баб Сайрамдағы (бұрынғы Исфиджаб) көпірде кездестіреді. Аңыз бойынша 7 жасар бала қарияға жүгіріп келіп, аманатын сұрапты. Арыстан баб құрманың тек сүйегін береді. Себебі, аманатты жоғалтпау үшін, ол көптеген жылдар бойы құрманы бір ұртына сақтаған екен. Сонда Ахмет ақсақалға былай дейді: "Сіз маған тек сүйегін бердіңіз, бірақ өзіңізге жемісін қалдырдыңыз. Сол үшін келушілер алдымен сізге келіп түнеп, содан кейін маған келіп тілек тілейтін болады".

Тәуәп етушілер алдымен Арыстан баб кесенесіне, содан кейін Ахмет Яссауиге баруының себебін аңыз бойынша осылай түсіндіреді.

Тағы бір аңызда Мұхаммед пайғамбар қайтыс болғанға дейін Арыстан-бабаға өзінің аманат таспихын сыйға тартты, ал ол оны кейін жас Ахмед Яссауиге сыйлаған делінеді.

© TengriMIX

Кесенеде ортағасырлық каллиграфия өнерінің керемет үлгісі ретінде ескі Құран сақталған.

Мұнда көптеген туристер түнеуге келеді - тілек тілейді, құдіреті шексіз Жаратушыдан оңаша қалып сұрайды... Содан кейін ғана олар Түркістанға, Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барады.

Аңызда көптеген қарама-қайшылықтар да жоқ емес, Мұхаммед пайғамбар 571-632 жылдары өмір сүрген, ал Яссауи 1103 жылы туған. Олардың арасында кемінде 500 жыл уақыт бар. Басқа аңыздарда Арыстан-баб 900 жыл өмір сүрген деп сипаттайды. Пайғамбармен әңгімелескен кезінде ол 300-ден асып кеткен деген болжам бар. Арыстан бабты қазақ халқының тарихындағы ең ұзақ жасаған жан деп айтуға болады.

© Shutterstock

Әрине, міндетті рәсім - Арыстан баб құдығынан су ішу. Ол кесененің кіреберісінде орналасқан, Ақсақ Темірдің бұйрығымен салынған (Темірлан, немесе Темір, Орта Азия түркі-моңғол қолбасшысы және Азия, Ресей, Еділ бойы және Кавказ тарихында басты жаулап алушы-билеуші).

Құдық суы қыстың аязында да қатпайды, суы тұзды, емдік қасиеті мол. Көбісі құдықтан су ішіп қана қоймай, оны әртүрлі ыдысқа толтырып, үйлеріне апарады. Бірақ абай болыңыз, егер судың астында қара тұнба пайда болса, ежелгі тұрғындардың айтуы бойынша бұл суды ішуге болмайды.

1982 жылдан бастап Арыстан баб кесенесі елдің тарихи мұрасы ретінде мемлекеттің қорғауында. Туристерге оған жеке экскурсия ретінде де, аймақ бойынша кешенді турлар шеңберінде де келуге болады. Мысалы, ең танымал экскурсиялардың бірі - Шымкенттен Арыстан баба кесенесіне Арыстан баб пен жас Ясауи алғаш кездескен Түркістан мен Сайрамға апаратын біркүндік саяхат.

Орналасқан жері

Кесене Түркістаннан 60 шақырым жерде, Отырар қаласы мен Шәуілдір ауылының маңында орналасқан.

Коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, шекаралар қайтадан ашылады деп үміттенеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.