Аптасына 261 рейс. Қазақстандықтарға қандай әуе рейстері қолжетімді

Өткен 2021 жылы Қазақстанда пандемияға дейінгі деңгейдегі ішкі тасымалдар көлемі толық қалпына келтірілді. 24 елмен 73 бағыт бойынша халықаралық әуе рейстері жаңартылды және ашылды. Бұл пандемияға дейінгі кезеңнің 66 пайызын құрайды. Kaz.tengritravel.kz тілшісі Aviata.kz сервисімен бірге қазақстандықтарға қандай ішкі және халықаралық әуе рейстері қолжетімді екенін егжей-тегжей айтып береді.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, 2021 жылғы 27 желтоқсанда халықаралық ұшулар аптасына 261 рейс жиілігімен 75 бағыт бойынша 24 елге орындалады. Ішкі туризмді дамыту аясында Түркістан, Алакөл, Балқаш, Щучье-Бурабай курорттық аймағы сияқты туристік дестинацияларға әлеуметтік маңызды рейстер орындалып келеді. Мальдив аралдарына Алматы - Мале бағыты бойынша, Катармен Алматы - Доха бағыты бойынша, Шри-Ланкамен Алматы - Коломбо бағыты бойынша, Кувейтпен Алматы - Эль-Кувейт бағыты бойынша, БАӘ Абу-Даби - Алматы бағыты бойынша жаңа бағыттар ашылды.

Әуе рейстерінің саны бойынша бірінші орында - Ресей. Аптасына 51 рейс ұшады:

Нұр-Сұлтан - Мәскеу аптасына 14 рет ("Эйр Астана", SCAT, "Аэрофлот");
Алматы - Мәскеу аптасына 14 рет ("Эйр Астана", "Аэрофлот");
Нұр-Сұлтан - Жуковский аптасына үш рет ("Уральские авиалинии");
Нұр-Сұлтан - Красноярск аптасына бір рет ("Уральские авиалинии");
Нұр-Сұлтан - Екатеринбург аптасына бір рет ("Уральские авиалинии");
Нұр-Сұлтан - Санкт-Петербург аптасына бір рет ("Эйр Астана");
Нұр-Сұлтан - Омбы аптасына бір рет ("Эйр Астана");
Ақтау - Грозный аптасына бір рет (SCAT);
Нұр-Сұлтан - Новосибирск аптасына екі рет (Fly Arystan, "Сибирь");
Нұр-Сұлтан - Калининград аптасына бір рет ("Северный ветер");
Алматы - Калининград аптасына бір рет ("Северный ветер");
Алматы - Санкт-Петербург аптасына бір рет ("Уральские авиалинии");
Алматы - Екатеринбург аптасына бір рет ("Уральские авиалинии");
Қарағанды - Мәскеу аптасына екі рет (Fly Arystan, "Аэрофлот");
Қостанай - Мәскеу аптасына бір рет ("Аэрофлот");
Шымкент - Мәскеу аптасына екі рет (SCAT, "Аэрофлот");
Ақтау - Мәскеу аптасына екі рет (SCAT, "Аэрофлот").

Бұдан басқа, 2022 жылғы 15 қаңтардан бастап "Северный ветер" әуекомпаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларынан Сочиге аптасына бір рет тікелей әуе рейстерін іске қосады.

Рейстер саны бойынша екінші орында БАӘ - аптасына 47 рейс. Оның ішінде қазақстандық әуе желілері 23 рейсті және араб 24 рейсті орындайды. Бағыттар:

Нұр-Сұлтан - Дубай аптасына 14 рет ("Эйр Астана" және Fly Dubai);
Алматы - Дубай аптасына 20 рет ("Эйр Астана" және Fly Dubai);
Алматы - Шарджа аптасына төрт рет (Fly Arystan және Air Arabia);
Нұр-Сұлтан - Шарджа Fly Arystan лоукостерінде аптасына үш рет;
Ақтау - Дубай аптасына бір рет (Fly Arystan);
Алматы - Абу-Даби аптасына екі рет (Wizz Air Abu Dhabi);
Шымкент - Дубай чартерлік рейсі аптасына екі рет (Fly Arystan).

Сондай-ақ, ҚР ИИДМ мәліметінше, 2022 жылғы 16 қаңтардан бастап Wizz Air Abu Dhabi араб лоукостерінде Нұр-Сұлтан - Абу-Даби бағыты бойынша аптасына екі рейсті іске қосу жоспарланып отыр.


Дубай. Фото @Shutterstock

Тағы бір танымал бағыт - Түркия. Бұл елге Қазақстаннан бағыттар бойынша аптасына 37 рейс жүзеге асырылады:

Нұр-Сұлтан - Ыстамбұл аптасына алты рет Turkish Airlines және "Эйр Астана" әуе желілері;
Алматы - Ыстамбұл аптасына 10 рет, Turkish Airlines және "Эйр Астана";
Шымкент - Ыстамбұл аптасына бір рет SCAT әуе компаниясымен;
Ақтөбе - Ыстамбұл аптасына екі рет (SCAT);
Түркістан - Ыстамбұл аптасына төрт рет (Turkish Airlines; Fly Arystan);
Ақтау - Ыстамбұл аптасына бес рет (SCAT; Turkish Airlines);
Алматы - Анталия аптасына жеті рет (Turkish Airlines; "Эйр Астана"; Pegasus),
Нұр-Сұлтан - Анталия аптасына екі рет ("Эйр Астана").

Барлығы 22 рейсті қазақстандық әуе желілері және 15 рейсті түрік әуе жолдары орындайды.

Қазақстаннан Өзбекстанға аптасына 32 рет орындалады. 15 рейсті қазақстандық үш әуе желісі және 17 рейсті Uzbekistan Airways орындайды. Бағыттар:

Нұр-Сұлтан - Ташкент аптасына алты рет ("Эйр Астана"; Uzbekistan Airways);
Алматы - Ташкент аптасына 14 рет ("Эйр Астана"; Uzbekistan Airways);
Алматы - Самарқанд аптасына екі рет (Uzbekistan Airways);
Ақтау - Нүкіс аптасына екі рет (SCAT; Uzbekistan Airways);
Ақтау - Ургенч аптасына төрт рет (SCAT; Uzbekistan Airways);
Ақтөбе - Нүкіс (Uzbekistan Airways) және Түркістан - Ташкент аптасына екі рет (Fly Arystan).

Грузияға аптасына 18 рейспен ұшуға болады. Барлық рейсті "Эйр Астана", Fly Arystan және SCAT қазақстандық әуе желілері орындайды:

Алматы - Тбилиси аптасына төрт рет ("Эйр Астана");
Атырау - Кутаиси аптасына екі рет (Fly Arystan);
Нұр-Сұлтан - Кутаиси аптасына екі рет (Fly Arystan);
Ақтау - Кутаиси аптасына үш рет (Fly Arystan);
Ақтау - Тбилиси аптасына жеті рет (SCAT).


Грузия. Фото @Shutterstock

Қырғызстанға қазақстандық әуе жолдарының ұшақтары мына бағыттар бойынша аптасына 11 рет ұшады:

Алматы - Бішкек аптасына жеті рет ("Эйр Астана");
Түркістан - Бішкек аптасына екі рет (Fly Arystan);
Нұрсұлтан - Бішкек аптасына екі рет ("Эйр Астана").

Германияға қазақстандық "Эйр Астана" мен Германияның флагмандық әуетасымалдаушысы Lufthansa аптасына тоғыз рет мына бағыттар бойынша ұшады:

Нұр-Сұлтан - Франкфурт аптасына төрт рет ("Эйр Астана");
Орал - Франкфурт аптасына бір рет ("Эйр Астана");
Атырау - Франкфурт аптасына бір рет ("Эйр Астана");
Франкфурт - Нұр-Сұлтан / Алматы аптасына үш рет (Lufthansa).

Украинаға аптасына жеті рет мына бағыттарға ұшуға болады:

Нұр-Сұлтан - Киев аптасына екі рет ("Эйр Астана");
Алматы - Киев аптасына бес рет ("Эйр Астана", Sky Up).

Беларуське "Белавиа" әуе компаниясының ұшақтары Қазақстаннан аптасына алты рет ұшады:

Нұр-Сұлтан - Минск төрт рет ("Белавиа");
Алматы - Минск екі рет ("Белавиа-2").

"Эйр Астана" әуекомпаниясы Шри-Ланкаға, Мальдивке және Таиландқа аптасына бес рет ұшады. Алматыдан Коломбоға, Алматыдан Малаға және Алматыдан Пхукетке рейс бар.

Алматыдан Сеулге (Оңтүстік Корея) аптасына үш рет "Эйр Астана" және Asiana Airlines ұшақтарымен ұшуға болады. Әзербайжанға аптасына үш рет "Эйр Астана" мен ал ZAL Алматы - Баку бағыты бойынша ұшады. Бұдан басқа, қазақстандықтарға Алматы - Дели (Үндістан) бағыты бойынша аптасына үш рейс қолжетімді.


Раджастхан, Үндістан. Фото @Shutterstock

Тәжікстанға "Эйр Астана" мен Somon Air тәжік әуе желілері Алматыдан Душанбеге аптасына екі рейсті жүзеге асырады. Катарға Доха - Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс бар. Нұр-Сұлтаннан Польшаның астанасы Варшаваға да аптасына екі рет LOT Polish Airlines ұшады.

Нидерландыға - Атыраудан Амстердамға аптасына екі рет "Эйр Астана" ұшады. Қазақстандықтар Арменияға Ақтау - Ереван бағыты бойынша аптасына екі рет ұша алады. Кувейтке Эль-Кувейт - Алматы бағыты бойынша аптасына екі рейс қолжетімді, оған Jazeera Airways қызмет көрсетеді.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.