Туристер Қазақстанның ұлттық парктері мен курорттарына жиі баратын болған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Мәдениет және спорт министрлігінің сайтына сілтеме жасап.
Биыл ұлттық парктерге 2 миллионға жуық адам барады деген болжам бар.
550 мың адам Щучинск-Бурабай курорт аймағына барды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп;
Жазғы маусым аясында 240 мыңға жуық адам "Шымбұлаққа" барды, бұл былтырғы жазғы маусымға қарағанда 90 мыңға артық.
2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша орналасу нысандарына жайғасқан ішкі туристер саны 21,5 пайызға артып, 1,13 миллион адам. Орналасу нысандары 26,3 миллиард теңге көлемінде қызмет көрсетті, бұл 2021 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 25,7 пайызға артық.
Апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келеді.
Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы өз позициясын жақсартып, 117 елдің арасында 66 - орынды иеленді (2019 жылы-140 елдің ішінде 80-орын). Еліміз "Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік" (1-орын), "Туризмнің маусымдылығы" (26-орын), "Табиғи ресурстар" (33-орын), "ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра объектілерінің саны" (42-орын) көрсеткіштері бойынша жоғары баға алды.
2021 жылы Қазақстанда ішкі туристер саны рекордтық деңгейге жетті: тіркелген адамдар саны шамамен 7 миллион.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!