Алыпсатарлар билет сату жүйесін айналып өтуі мүмкін - көлік прокуратурасы

Алыпсатарлар "Mobius" билет сату жүйесін айналып өтуі әбден мүмкін. Бұл туралы Қазақстанның Бас көлік прокуратурасы баспасөз қызметінің Kaz.tengritravel.kz тілшісінің сауалына жауабында жазылды.

Қазір қазақстандықтар Алакөл сияқты танымал бағыттар бойынша пойыз билеттерінің жетпей жатқанына шағымданып жатқаны белгілі. Себептердің бірі - алыпсатарлардың әрекеті.

Көлік прокуратурасындағылар билеттерді сатып алу фактілеріне жол бермеуді "Қазақстан темір жолы "ұлттық компаниясы" АҚ жүзеге асыратынын, ал мұндай фактілерді анықтау және жауапкершілікке тарту көліктік бақылау органдары мен полицияға бекітілгенін түсіндірді. Бас көлік прокуратурасының мәліметінше, қазіргі уақытта билеттерді алдын ала сатып алу фактілері анықталған жоқ. Негізінен пойыз рейстерінің аз болуы салдарынан билет жеткіліксіз.

"Қолда бар мәліметтер мен азаматтардың хабарламалары бойынша қазіргі уақытта пойыз билеттерінің тапшылығы сезілуде. Бұл негізінен пойыз жетіспеушілігіне байланысты және қазіргі уақытта жағдайды шешу үшін қосымша пойыздарды қосу мәселесі шешілуде. 2020 жылдың қаңтарынан бастап 2021 жылдың маусымына дейінгі кезеңде уәкілетті органдар билеттерді сатып алудың заңсыз фактілерін анықтаған жоқ", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, баспасөз қызметі көлік прокуратурасы 2019 жылы алыпсатарлар проблемасын жою бойынша шаралар қабылдағанын хабарлады. Мысалы, "Mobius" билет сату сервисі жақсартылды. Дегенмен алыпсатарлар жаңартылған жүйені айналып өтуі мүмкін.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!