Алтынемел ұлттық паркінде жаңа визит-орталығы ашылады

22 маусымда Алтынемел ұлттық паркінде жаңа визит-орталықтың ашылуы өтеді және осы бірегей жерде экологиялық туризм мәдениетін насихаттайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

22 маусымда Алтынемел ұлттық паркінде жаңа визит-орталықтың ашылуы өтеді және осы бірегей жерде экологиялық туризм мәдениетін насихаттайды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Altynemel деп аталатын визит-орталықта туристер ұлттық парк, оның флорасы мен фаунасы, геологиялық және мәдени-тарихи көрікті жерлер, жаяу жүру жолдары және қауіпсіздік ережелері туралы ақпарат ала алады.

Реклама
Реклама

Мұнда Алтынемел ұлттық паркі мен басқа да ұлттық парктерге арналған кәдесый топтамасы ұсынылады. Дәстүр бойынша, мұнда біздің серіктестеріміз - Tary этникалық кафесі жұмыс істей бастайды.

Сонымен қатар, визит-орталықтың аумағында панорамалық көрінісі мен стационарлық бинокльдері бар бақылау палубасы бар, ал ұлттық парк бойынша негізгі орындарда самалжайлар, кемпингтерге арналған пандустар, сусыз дәретханалар мен ақпараттық тақтайшалар орнатылған.

Визит-орталыққа келушілер Бесшатыр сақ қорғанына, Теректі шатқалдарына - ежелгі буддистік қорғау жазбалары сақталған Таңбалы Тас және Тайғақ петроглифтеріне кәсіби гидтердің сүйемелдеуімен экскурсияларға тапсырыс бере алады.

Келушілер велосипедті жалға алып, Қапшағай жағалауына және жақын маңдағы Шолақ тауларына бара алады, ал визит-орталығының бақылау мұнарасынан жабайы жануарлардың, соның ішінде Қызыл кітапқа енген құландардың, қарақұйрықтардың, бүркіттердің және басқалардың өмірін көруге болады.

Altynemel визит-орталығының аумағында өтетін тағы бір жарқын оқиға - атақты қазақстандық суретші Санжар Жұбановтың "Тастар мен жұлдыздар" экспозициясы болмақ.

Анықтама: Қазақстандық компания Qazaq National Parks (QNP) QazaqGeography РҚБ көмегімен Қазақстанның ұлттық парктерінде өзінің визит-орталықтар желісі арқылы экотуризмді дамытады.

Altynemel визит-орталығы - бұл Алтынемел ұлттық паркінің батыс қақпасы, Іле-Алатау ұлттық паркіндегі Ayusai және Turgensai және Шарын ұлттық паркіндегі Charyn визит-орталықтарын толықтыратын QNP компаниясының іске асырылған жаңа жобасы.

Жобаның басымдықтары - визит-орталықтарды, жолдарды жайластыруды, ыңғайлы навигацияны, қарау алаңдарын, самалжайларды, орындықтарды, дәретханаларды қоса алғанда, рекреациялық инфрақұрылымды құру.

Жобаның бас серіктесі Kaspi.kz

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная