"Алтын күздегі қызыл қоқиқаз". Желі пайдаланушылары Алматы хайуанаттар бағының видеосын бағалады

Алматы хайуанаттар бағы Instagram желісінде қоқиқаздың видеосын жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

"Қазір алтын күздің мезгілі. Бұл кезде зообақта да ерекше жағдай орын алады. Ауа райы ыстық емес, шулы тіршілік саябырсып, айналада тыныштық орнаған. Жануарларды емін-еркін тамашалауға мүмкіндік көп. Күзгі бояулардың арасында біздің қызыл қоқиқаздар да ерекше көрінеді. Сіздерді алтын күздің көркін тамашалап, зообағымызды аралауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматинский зоопарк (@almatyzoo)

"Сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, сұлулық! Жарайсыңдар! Керемет өзгерістер! Жануарлар мен құстарға деген күш-жігер және сүйіспеншілік үшін рақмет!"

"Уау, қандай әдемі! Қызым қуанады!"

"Ура, тоған қайтадан пайда болды, ал қоқиқаз тағы да торға қамалып тұрған жоқ па? Ертең барамын", - деп атап өтті желі пайдаланушылары.


Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!