Алтын күз. Күзде әдемі суретке түсуге болатын Қазақстанның үздік 5 жері

© pixabay

Жаз бітіп, күздің түсуі демалыс уақытының аяқталғанын білдірмейді. Күз - керемет көңіл-күй мен көгілдір аспан аясында алтын жапырақты ағаштардың саясында суретке түсуге болатын керемет мезгіл. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге күзгі түрлі-түсті суреттерге түсуге болатын Қазақстанның ең көркем бес жері жайлы баяндайды.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Жаз бітіп, күздің түсуі демалыс уақытының аяқталғанын білдірмейді. Күз - керемет көңіл-күй мен көгілдір аспан аясында алтын жапырақты ағаштардың саясында суретке түсуге болатын керемет мезгіл. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге күзгі түрлі-түсті суреттерге түсуге болатын Қазақстанның ең көркем бес жері жайлы баяндайды.

Осиновский асуы. Шығыс айналма тас жолында, 56-дан 72-шақырымға дейінгі учаскеде орналасқан. Жолы бас айналдыратындай бұралаң және 180 градусқа жуық күрт бұрылыстары бар. Бұрылыстары қауіпті, бірақ ол қауіпті бұл жердің таңғажайып көріністері сейілтіп жібереді.

Реклама
Реклама

Бұл жол саяхатшыларға ерекше әсер сыйлайды. Зырянға немесе Жаңа Бұқтырмаға алғаш рет осы жол арқылы келіп, әйгілі Осиновский асуынан өткен қонақтар, әсіресе, жазық жерлердің тұрғындары бұл бағытқа таңқаларлығы сөзсіз. Мұнда туристер керемет көңіл-күйде болады: экстримнен таңдануға дейін.

Жол қалың орманмен қоршалғандықтан, күз бұл жерде өте әдемі. Жапырақтар қызыл, қызыл күрең, сары және қызғылт сары түске боялған. Сондай-ақ, жол жоғары қарай өрлеген, ыңғайлы жерін тапсаңыз, орманды, тауға көтерілетін жолды және көгілдір аспанды суретке түсіріп, әдемі фотосуреттер жасай аласыз.

Мұнда бұрыштарға арнайы айналар орнатылған. Дегенмен, саяхатшылар оны басқаша пайдаланады, айналарға қарап селфи түсетіндер баршылық.

Имантау-Шалқар

Көкшетаудың оңтүстік-батысынан шыққанда, 60 шақырымнан кейін осы аттас ұлттық саябақты кездестіресіз. Бұл - Имантау-Шалқар курорттық аймағы. Жергілікті көріністер Бурабай ұлттық саябағының пейзаждарына ұқсайды. Алайда, Имантау мен Шалқар тыныш, бұл жерден көп туристерді кездестірмейсіз. Бұл - негізгі артықшылығы. Биіктігі 11 қабатты үйлердің деңгейіне жететін тау жоталары мен қарағайлар да бар.

Курорттық аймақ астанадан алыс емес. Көлдер ормандар мен тауларға жақын орналасқан. Бұл табиғаттың сыйы дерсіз, сіз үшін бәрін жасап қойған. Ең бастысы - ракурспен тәжірибе жасаудан қорықпау. Ну орманда жасалған портреттер ерекше әдемі шығады. Портреттік фотосуреттердегі күзгі атмосфераны бас киімнің көмегімен жасауға болады. Керекті құралдардан велосипед жалға ауға болады, жапырақпен көмкерілген ағаш үйшікті де табуға болады.

Сондай-ақ, қалың орман арасында тылсым құпиялы фотосуреттер де түсіруге болады.

Сонымен қатар, бұл жерлерге ауыл өмірімен жете танысатын агротурлар ұйымдастырылады. Демалыс барысында келушілер осы жерлерде тұратын халықтың тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетімен танысады. Олар жергілікті тұрғындармен, соның ішінде татар диаспорасының өкілдерімен танысады, түрлі шеберлік сабақтарына қатысады, тауға шығады, суда жүзіп, көлден балық аулайды, орманда серуендейді. Мұнда сіз шопан отбасында құрт жасауды үйренесіз және омарташыдан ара ұяларының құрылысы, араларды ұстау, олардың тіршілік ету ерекшеліктері және бал алу жолдары туралы білесіз. Көлден балық аулауға немесе су қоймасының ортасындағы аралға баруға болады. Мұның барлығын түрлі-түсті суреттерге түсіру керек. Астанадан Имантау-Шалқар аймағына бір күндік турлар ұйымдастырылады. Олардың бағасы бір адамға 10 000 теңгеден басталады. Кейбір агенттіктер сапарға фотографты алып шығады.

Бурабай

Бурабайдың ормандары мен көлдері даладағы оазис іспетті. Үлкен тақталардан тұратын ерекше пішіндегі алып гранит жартастар таңғалдырады. Әрқайсысына қатысты өз аңызы, өз атауы бар. Бұл аймақты ұзақ уақыт бойы қазақстандық және шетелдік туристер таңдап алғаны тегін емес және Нұр-Сұлтаннан тікелей келетін тамаша жаңа жол сапарды жеңілдетері анық. Бұл жерге 250 километр жолды еңсеріп, тез жетесіз.

Күздегі суретке осы аймақтың сұлулығын енгізу үшін кез келген тауға шығу жеткілікті, жоғарыдан 147 метр биіктіктен тамаша көрініс ашылады. Ол аймақтың барлық табиғи көрікті жерлерінің таңғажайып көрінісін ұсынады: Бурабай көлі мен Үлкен Шабақты, Жұмбақтас жартасы, Оқжетпес тауы және Көк шығанақ. Сурет ерекше сұлу болары анық.

Демалысыңыз ойыңыздан шығу үшін мұнда барлығы қарастырылған: көлдер, СПА мен массаждары бар санаторийлер, ал белсенді демалысты ұнататындар үшін - атқа міну, тауларға шығу, саңырауқұлақтар мен жидектер теру және т.б.

Нұр-Сұлтаннан Бурабайға дейінгі қашықтық 250 шақырым. Астанадан ұлттық саябаққа жетудің ең көп қолданатын түрі - пойыз. Жол жүру 3 сағат 42 минут. Сондай-ақ, Шортанды арқылы өтетін автобустармен (Бурабайдан 20 шақырым) немесе таксимен жетуге болады.

Есік көлі

Есік көлі Алматы облысындағы Іле Алатауының тауларында ашылған Есік шатқалында орналасқан. Қазір ол бұрынғыдан екі есе үлкен. Сонау 1963 жылы бұл ауданда сел Есік қаласының батыс бөлігінде орналасқан табиғи бөгетті бұзып кеткен. Қаншама адамның өмірін қиған сел бұрынғы Кеңес Одағы аумағындағы ең қуатты селдің бірі болып танылды. Алайда Есік қалпына келтірілді. Ал қазір бұрынғыдай туристер де барады. Ең алдымен, оның табиғатына деген қызығушылық танытатыны анық.

Көлдің айналасында жартасты шатқалдар, шалғындар мен қалың ормандар созылып жатыр, өсімдіктердің де бірнеше түрі бар. Көптеген жергілікті өсімдіктер Қызыл кітапқа енгізілген: күнгей көдесі, алтын адонис, казак аршасы, Шренк шыршасы, еңлікгүл.

Алматы саябақтары

Алматыдағы ең көне және ең биік ағаштар Баум тоғайында өседі. 1886 жылы тоғай Верный қаласының негізі қаланған жерде болды. Күзгі фотосуреттер үшін бұл ең қолайлы орын және мұны қаланың әрбір фотографы біледі. Алматының төменгі бөлігінде, Будённый көшесінде орналасқан. Бұл жер Жетісудың белгілі орманшысы Эдуард Баумның атымен аталған. Тоғайды ғана емес, бүкіл қаланы абаттандырумен айналысқан да осы кісі еді. Тоғайдың жалпы ауданы 137,7 гектарды құрайды.

Баум тоғайы туралы неше түрлі тылсым аңыз-әңгімелер бар. Аңыздардың біріне сәйкес, осы орманға шіркеу жәдігерлерін жасырған жергілікті архиепископты өлтіріп кеткен екен. Оларды тапқан кез келген адамға өлім қаупі төнеді. Қазынаны табу бірнеше жылдан бері сәтсіз аяқталуда.

Алматы Ботаникалық бағындағы үйеңкі тоғайы

Фотосуреттегі классикалық күзгі композиция: ұзын жол, екі жағында ағаштар мен үйеңкі жапырақтары. Ботаникалық бақтағы көптеген әдемі орындардың ішінен күзгі фотосессия үшін үйеңкі тоғайын ұсынамыз.

"Алматыдағы күзгі суретке түетін орындардың ішіндегі ең әдемісі - Ботаникалық бақтағы үйеңкі тоғайы. Қазан айының басында мұндағы ағаштар әдемі сары түске боялады. Бұл жерге таңертең адам аяғы аз кезінде немесе күн батардың алдында келген жөн. Күзгі суреттерге қатты өңдеу қажет емес. Әрине, әр фотограф суретке әртүрлі реңк береді: біреулері ағаштардың түсін, екіншілері аспанның түсін қанық еткісі келеді, кейбіреулері суреттің жалпы реңін өзгертеді. Сонда да күзгі суреттер ешқандай бағдарламасыз өте әдемі шығады.

Бастысы - жанды суреттер түсіру. Сондай-ақ, ракурстан шектелмеу керек. Күзде жапырақтармен ойнауға да болады: оларды жоғарыға лақтырып, үстіне жатып, ағаштардың фонында", - дейді Юлия Крюкова.

Ботаникалық баққа кіру ақылы - 900 теңге. Сондай-ақ, фото және видео түсіру үшін 3000 теңге төлеу керек. Кіре берісте бақшаның картасы бар. Барар алдында сіз қалаған жерге қалай жетуге болатынын білуге болады. Үйеңкі тоғайы жылыжайдың жоғары жағында, 10-15 минуттық жерде орналасқан.

Алматыда басқа да ерекше орындар жетерлік: Тұңғыш Президент саябағы, 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақ, терренкур, «Атакент» жоғары жағы, Первомайский тоғандары.

Алматының ежелгі әсем ғимараттары - Вознесенский соборы, музыкалық аспаптар мұражайы, Қазақ-Британ техникалық университеті фонындағы күзгі фотосуреттер де өте әдемі болады. Сондай-ақ, Алматы көшелерінде көптеген граффитилер мен муралдар бар.

Саяхаттау - ол да бір жауапкершілік екенін Авиата еске салады. Кейінгі ұрпақтың салауатты өмірі үшін және қайтар жолымыздың тазалығы үшін табиғатты барынша аялайық. Табиғаттың ертең қандай болары біздің қолымызда. Бастаманы қолдау үшін өзіңіздің "саналы" саяхаттарыңыздан #jasylbolsyn Авиата хэштегімен фотосуреттер мен бейне-видеоларды жүктеуге болады.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.

TengriTravel

Реклама
Реклама
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная