"Алтын-Емел" ұлттық табиғи паркінің аумағында сілеусін көзге түсті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
Қызықты кадрлар ұйымның Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жарияланған.
"Алтын - Емел" мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында, Күзет бөлімінің жоспарлы рейдтік іс-шарасы кезінде көзге түскен", - делінген хабарламада.
Сілеусін – сүтқоректілер класы, жыртқыштар отрядының мысықтар тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Халықаралық Табиғат Қорғау Одағының және Қазақстанның қызыл кітабына 2010 жылы тіркелген. Сілеусін таулы алқаптардың қылқан және жалпақ жапырақты орман өскен белдеулерінде таралған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!