Алматылықтар Көк-Төбеге барар жолда ағаштардың заңсыз кесіліп жатқанына шағымданды

Алматылықтар Көк-Төбеге барар жолдағы ағаштардың кесіліп жатақанына шағымданды. Видео әлеуметтік желілерде тараған. Кадрларда бірнеше ер адамның ағаш бұтақтарын бульдозерге жинап жатқанын көруге болады. Қала әкімдігі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жазба Facebook-тегі "Дежурный по городу" тобында пайда болды.

"Көк-Төбеге барар жолда ағаштарды кесіп жатыр. Рұқсатсыз болса керек. Қызығушылық танытып сұрап көріп едік ағаш тиеген көлік тез кетіп қалды", - дейді басылым авторы.

 Алматы әкімдігі ағаштарды кесуге рұқсат берілмегенін хабарлады.

"Жасыл экономика басқармасына ағаштарды кесуге өтініш түскен жоқ, сәйкесінше рұқсат берілмеді", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін алматылықтар Әуезов пен Төле би көшелерінің қиылысындағы ағаштардың кесілуіне наразы болған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!