Алматылық ер адам тауда от жаққаны үшін қомақты айыппұл арқалады

Іле-Алатау ұлттық табиғи паркінде от жаққан ер адамға 345 мың теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығына сәйкес Алматы қаласы мен Алматы облысының мемлекеттік орман қоры аумағында 2023 жылғы 20 наурыздан бастап өрт қауіпті кезең жарияланды. Алматы қаласының аумағында 19 мың 803 гектар Іле-Алатау ұлттық паркі орналасқан. Жыл басынан бері ұлттық парктің Медеу филиалында табиғи парк аумағында 2 өрт оқиғасы тіркелді.

ТЖД және "Іле - Алатау" МҰТП қызметкерлерінің қабылдаған жедел шараларымен орманға өрттің таралуына жол берілмеді.

Алматы қаласы ТЖД мен полиция қызметкерлерінен құралған мобильді тобы жұмыс істеуде. Бұл қызметке орман шаруашылығы мекемелерінің ат мінген қызметкерлері қолұшын созып, еріктілер де қатысты. Бұл топтар өрт туындауы ықтимал деген "ыстық" аймақтарды тексереді.

"Табиғатта ашық оттың жағылуына жол бермеу өте маңызды. Құрғақ шөп пен қоқысты өртемеңіз. Құрғақ шөпті әдейі өртейтін адамдар, жақын аймақты тазарту үшін қауіп төндіреді. Мысалы, жеке ауланың иелері мен бағбандар ыстық күннен кеуіп қалған шөп пен қоқысты өртеп жібереді", - дейді ТЖД мамандары.

Қала тұрғындарына от жағу фактілері қатаң түрде тоқтатылатынын ескертті. Өйткені құрғақшылық пен ыстық ауа райында шөп тез тұтанып, өртке әкелуі мүмкін. Сондай-ақ ол оңтүстік астананың тұрғындары мен қонақтарынан темекіні құрғақ шөпке тастамауды, бөтелке, сынған шыны қалдырмау туралы ескертті.

Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін кінәлі адамдар бұзушылықтың сипаты мен келтірілген залалға байланысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін есте ұстаған жөн.

Төтенше жағдайлар департаменті демалушылардың назарына: Іле-Алатау ұлттық саябағында ыстық тамақ пісіру үшін арнайы жабдықталған 14 орын бар: 12 орын Алмаарасан шатқалының аумағында, Үлкен Алматы және Казачка өзендерінің бойында, 2 орын Бутаковкада.

Айта кететін жайт, ерекше қорғалатын табиғи аймақтардың аумақтарында және арнайы белгіленбеген жерлерде өрт тұтандырғаны үшін орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстің 367-бабына сәйкес әкімшілік айыппұл салуға құқылы. Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 100 АЕК-құрайды, өзге де ауыр жағдайларда кейіннен қылмыстық жауапкершілік қарастырылған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі (ҚР ҚК 204-бабы 2-бөлігі).

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!