24 маусым 2024 11:17

Алматыға қанша шетелдік турист келгені айтылды

Фото:depositphotos.com

Былтыр Алматыға 2 миллионнан аса турист келсе, оның 500 мыңнан астамы шетелдіктер, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Алматы әкімдігі деректеріне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Былтыр Алматыға 2 миллионнан аса турист келсе, оның 500 мыңнан астамы шетелдіктер, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Алматы әкімдігі деректеріне сілтеме жасап.

Әкімнің орынбасары Әлішер Әбдіқадыровтың айтуынша, шетелдік туристер көп жағдайда мегаполиске гастрономия үшін келеді.

"Соңғы жылы қалаға 2 миллионнан аса турист келді, оның 540 мыңы шетелдік", - деді ол.

Реклама
Реклама

Бұл ретте Әбдіқадыров туризм экономикалық тұрғыдан қала үшін маңызды салаға айналып келе жатқанын түсіндірді.

"Тек былтыр 72 миллиард теңгеге жуық салық жиналды, бұл 160 миллион доллар болады. Өсім 64 пайыз болады", - деді әкім орынбасары.

Ол туризм "белсенді қайтарым мен үлкен жұмыс орнын" қамтамасыз ететінін атап өтті. Бұл салада 80 мыңнан астам адам еңбек етеді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!


Читайте также
Реклама
Реклама