Алматыдан Ыстықкөлге тікелей рейс ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Shutterstock @Shutterstock

Қазақстандық әуекомпания Алматыдан Ыстықкөл әуежайына тікелей маусымдық әуе рейсін іске қосты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Манас әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қазақстандық әуекомпания Алматыдан Ыстықкөл әуежайына тікелей маусымдық әуе рейсін іске қосты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Манас әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуежайдың баспасөз қызметінің әлеуметтік желілерінде хабарланғандай, SCAT әуекомпаниясы Алматы-Тамчы-Алматы бағыты бойынша аптасына екі рет - дүйсенбі және жұма күндері рейстерді орындайтын болады.

Ұшу уақыты - 40 минут. Бірінші рейс 1 шілдеде іске қосылды. Болашақта рейстер санын аптасына төртке дейін арттыру жоспарланған.


Өткен жылы SCAT әуекомпаниясы Алматыдан Ыстықкөлге аптасына үш рет ұшатын. Компанияның баспасөз қызметінің нақтылауына сәйкес Ыстықкөлге рейстер чартерлік, билеттерді турпакеттер құрамындағы туроператорлар арқылы сатып алуға болады.

Қырғызстанның Тамчы кенті Ыстықкөлдің солтүстік жағалауында Бішкектен 245 шақырым қашықтықта орналасқан. Курорттық ауыл өзінің минералды бұлақтарымен және алтын құмдары бар таңғажайып жағажайларымен танымал.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel