Алматыдан түркиялық Бодрумға рейстер қайта басталады

Қазақстандық әуетасымалдаушы 27 мамырдан бастап Бодрумға тікелей ұшуды жаңартады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі әуекомпанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Рейстер Алматыдан аптасына екі рет - сейсенбі және жұма күндері орындалатын болады. Билеттерді брондау әуекомпанияның ресми сайтында, сондай-ақ агрегаторларда қолжетімді.

Түркияға келген 12 жастан асқан барлық жолаушы мына құжаттардың бірін ұсынуы керек:

  • ПТР-тестінің теріс нәтижесі бар анықтама (сынаманы алған сәттен бастап Қазақстаннан рейстің жоспарланған ұшу уақытына дейін 72 сағаттан аспаған) қағаз немесе электрон нұсқада ағылшын немесе түрік тілінде;
  • соңғы 48 сағат ішінде жасалған антигенге жедел тест;
  • Түркияда бекітілген (Pfizer, Sputnik V, CoronaVac, Astra Zeneca, CanSino, Biologics, Johnson&johnson, Moderna, Novavax, Sinopharm, Sinovac) немесе ДДСҰ бекіткен (Pfizer, Sputnik V, SinoVac, Moderma, Johnson&johnson, AstraZeneca, CoviShield, Sinopharm) препаратымен вакциналаудың толық курсын өткенін растайтын вакциналау сертификаты немесе паспорты. Вакцина Түркияға келгенге дейін кем дегенде 14 күн бұрын алынуы керек. Вакцина паспортында вакциналау туралы мәліметтер ағылшын тілінде болуы керек.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!