Алматыдан Самарқанға тағы бір рейс ашылды

Қазақстандық лоукостер жаңа бағыт: Алматы-Самарқан-Алматы ашады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Рейстерді FlyArystan әуекомпаниясы 30 наурыздан бастап аптасына екі рет - сәрсенбі және сенбі күндері Airbus A320 ұшақтарында орындайтын болады. Билеттерді брондау кезінде тасымалдаушы Қазақстан мен Өзбекстанға кіру ережелерімен мұқият танысуды сұрайды.

Бұған дейін Алматы-Самарқан рейсін Uzbekistan Airways әуекомпаниясы іске қосқан болатын.

Өткен аптада отандық лоукостер 1 сәуірден бастап Ақтау-Баку әуе рейсінің ашылғанын хабарлады. Наурыздың соңында Ақтаудан Ыстамбұлға рейстер орындалады.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!