Алматыдан Наманганға жаңа әуе рейсі ашылады

Әуекомпания Наманган – Алматы – Наманган бағыты бойынша халықаралық жаңа рейс ашады. Тұрақты әуеқатынасы 30 наурыздан бастап жүзеге асырылады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі тасымалдаушының Телеграм арнасына сілтеме жасап.

Uzbekistan Airways әуе рейстері аптасына екі рет сәрсенбі және сенбіде орындалады. Билеттерді ресми сайттан, Uzbekistan Airways Sales филиалынан немесе агенттерден сатып алуға болады.

Бұған дейін Өзбекстанның туризм және мәдени мұра министрлігі шетелдік туристерді қабылдау үшін елдің  шекарасы ашылғанын хабарлады. Оның ішінде Қазақстан мен Өзбекстан азаматтарының Өзбекстан тарапынан шекарадағы барлық жерүсті өткізу пункті арқылы жүріп-тұруына қатысты барлық шектеу алынып тасталды.

Саяхатшыларға вакцина паспорты болған жағдайда ПТР-сіз кіруге рұқсат етіледі. Коронавирусқа қарсы егілмегендер мерзімі 72 сағаттан аспайтын электрон QR-коды бар теріс ПТР-тест нәтижелері болуы немесе шекарадан өткен кезде не Өзбекстан Республикасының аумағына келген кезде экспресс-тест тапсыруы тиіс.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!