Алматыдан Қапшағайға электр пойыздың тоқтауын әкімдік түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz Фото Tengrinews.kz

Алматы-Қонаев бағыты бойынша теміржол қатынасы белгісіз мерзімге тоқтатылды. Бұл ақпаратты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.


Алматы-Қонаев бағыты бойынша теміржол қатынасы белгісіз мерзімге тоқтатылды. Бұл ақпаратты Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, 2017 жылдан бастап 2021 жылға дейін Алматы-Қонаев (Қапшағай) және Алматы-Қазыбек бек (Ұзынағаш станциясы) бағыттары бойынша қала маңына қатынайтын теміржол тасымалдары ұйымдастырылды. Пойыздардың өзектілігі жазғы маусымда да арта түсті, бұл кезде туристер оларды Қапшағай су қоймасына жету үшін пайдалана алды. Бірақ Алматы-Қапшағай бағытындағы жолаушылар ағынының төмендігінен бір жолаушыға есептелген тариф 3 122 теңгені құрады. Осыған байланысты осы бағыт бойынша теміржол қатынасы тоқтатылды.

Қапшағай мен Ұзынағаш қалаларына қатынайтын пойыздар 2017 жылдың тамыз айында іске қосылды. Сол жылы Алматы әкімдігі 340 миллион теңге көлемінде субсидия бөлді. Әкімнің сол кездегі орынбасары Мұрат Дәрібаевтың айтуынша, бұл жоба кем дегенде таяудағы 5 жылға есептелген.

"Жеке инвестор инвестиция салады, құрамдарды сатып алады, ал қала тасымалдарды субсидиялайды. Болашақта жаңа бағыттар бар, біз бұл бағыттарды ұзартуымыз мүмкін", - деді ол.

Бұған дейін әкімдікте бұл теміржол маршруттары көлік жүктемесін азайту есебінен қаладағы экологиялық жағдайды жақсарту үшін іске қосылғаны айтылған. 2017 жылғы мәліметтер бойынша, мегаполиске күн сайын жақын маңдағы ауылдардан 500 мыңға жуық адам жұмысқа келіп, 200 мыңнан астам көлік кірген.

Алматы-Қапшағай бағыты бойынша электр пойыздары күн сайын таңертең Қапшағай қаласынан, ал кешке Алматы қаласынан қатынайды. Тасымалдар "Оңай" жүйесі бойынша төлеммен жалпы үлгідегі (отыратын) вагондармен жүзеге асырылды. Жол жүру құны 80 теңгені құрады.

Қала маңындағы пойызбен бір жаққа сапар ұзақтығы шамамен екі сағатты құрады, бұл Алматыда жұмыс істейтін қала маңындағы тұрғындар үшін ғана емес, мегаполистен келген туристер үшін де ыңғайлы болды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel